18.09.2009, 11:32 1533

Талдықорған қаласындағы наркологиялық диспансердегі өрттен зардап шеккен тағы бір адам ауруханада қайтыс болды

Талдықорған қаласындағы наркологиялық диспансердегі өрттен зардап шеккен тағы бір адам ауруханада қайтыс болды

Астана. 18 қыркүйек. Kazakhstan Today - Талдықорған қаласындағы наркологиялық диспансердегі өрттен зардап шеккен тағы бір адам ауруханада қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің кеңесшісі Наталья Буенко агенттікке мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Н. Буенконың айтуынша, кеше кешке ауруханаға жатқызылғаннан бес күннен кейін жан сақтау бөлімшесіндегі тағы бір адам қайтыс болды. Оның айтуынша, "дәрігерден қолдан келгеннің бәрін жасағанымен, жарақаты тым ауыр болғандықтан, адам қаза болды".

Сөйтңп, өрт салдарынан қаза тапқандар саны 40 адам болды.

Сондай-ақ, қазір ауруханада алты адам жатыр, олардың жағдайы тұрақтанды, алаңдаушылық тудырып отырған жоқ, деді кеңесші.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны