19.08.2011, 14:02 4458

Талдықорған қаласының тұрғыны қатерлі ісікті емдейтін дәрі ойлап тапты

31 арнаның хабарлауынша, өмір бойы ветеринар болып қызмет істеген ғалым жаңа препарат адам ағзасына қауіпсіз екенін және ісік дертінің алғашқы белгілері пайда болған кезінде қабылдаған адам ауруынан толығымен айығып кететінін айтады.

Алматы. 19-тамыз. Kazakhstan Today - Талдықорған қаласының тұрғыны қатерлі ісікті емдейтін дәрі ойлап тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Талдықорған қаласының тұрғыны Борис Резников қатерлі ісікті емдейтін дәрі ойлап тапқанын айтады.

31 арнаның хабарлауынша, өмір бойы ветеринар болып қызмет істеген ғалым жаңа препарат адам ағзасына қауіпсіз екенін және ісік дертінің алғашқы белгілері пайда болған кезінде қабылдаған адам ауруынан толығымен айығып кететінін айтады.

Вакцина жоғары температура және ультракүлгін сәулелермен зарарсыздандырылған "L-бактериялардан" тұрады. Оны ойлап тапқан ғалымның сендіруінше, дәрі ісік дертіне шалдыққан адамдардың иммунитет жүйесін нығайтады.

"Бұлар - оттегі жоқ болғанда теңізде пайда болған өте көне бактериялар. Оларды жоғары температурада қыздырып, ультракүлгін сәуле түсіргенде, қазіргі бактериялар мутациялана бастайды. Адам ағзасы үшін ол мүлде қауіпсіз, өңдеуден өткеннен кейін олардың қабатында қатерлі ісікке қарсы денелер пайда болады. Себебі тура сондай қабат қатерлі ісік клеткаларында де кездеседі", - деп түсіндірді Б. Резников.

Десекте, Б. Резниктің бұл ғылыми туындысына қазақстандық медициналық мекемелер әлі де болса күдікпен қарайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны