22.03.2017, 19:06 4616

Талдықорған тұрғындары Наурызды тойлау үшін киіз үйлер қалашығында жиналды

Бүгін Талдықорған қаласындағы әз-Наурыз мейрамы "Бұлақ көзін ашу" рәсімімен басталып, шаралар "Жастар" саябағы маӊында арнайы тігілген киіз үйлер қалашығында жалғасты.

Талдықорған. 22 наурыз. Kazakhstan Today - Бүгін Талдықорған қаласындағы әз-Наурыз мейрамы "Бұлақ көзін ашу" рәсімімен басталып, шаралар "Жастар" саябағы маӊында арнайы тігілген киіз үйлер қалашығында жалғасты.

"Нұр себеле, Ұлыстыӊ Ұлы күні" мерекелік шарасында жүздеген қала тұрғыны мен қонақтары облыстық мекеме-ұйымдар ұйымдастырған киіз үйлер қалашығыныӊ алдына қойылған түрлі көрмелерді тамашалады. Атап айтқанда, халық дәстүрлерініӊ көрмелері, қолөнер және қылқалам шеберлерініӊ "Шеберлер ауылы", балалар көркемөнер мектебі тәрбиеленушілері туындыларыныӊ, Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ ұлттық-мәдени орталықтарыныӊ "Достық алаӊы" көрмелері, сол сияқты кәсіпорындар мен шағын және орта бизнес нысандарыныӊ "Қазақстанда жасалған" көрмесі ұсынылды. Сондай-ақ ұлттық спорттық ойындарды өткізуге арналған алаӊдар ұйымдастырылды.

Облыс әкімі Амандық Баталов киіз үйлер қалашығыныӊ алдында ұлттық салт-дәстүрлер рәсіміне қатысып, жас нәрестелердіӊ тұсауын кесті.

"Жастар" саябағындағы сан қилы мазмұндағы көрмелермен танысқан облыс әкімі Амандық Баталов үлкен сахнаға шығып, көпшілікті Наурыз мерекесімен құттықтады.

- Бұл мереке Шығыс күнтізбесі бойынша Жаӊа жыл саналуымен қатар, ежелден жаӊару мен жаӊғырудыӊ, береке мен молшылықтыӊ символы ретінде қалыптасқан. Тамыры тереӊнен нәр алған осынау жалпыхалықтық құндылықтар бүгінгі күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ басшылығымен еліміздіӊ дамуына мықты іргетас болып отыр, - деді А. Баталов.

Бұдан әрі облыс басшысы мемлекет қолдауыныӊ арқасында Алматы облысы тұрғындарыныӊ әл-ауқаты артып, әлеуметтік-экономикалық жағдайы ілгеріліп келе жатқанындығын тілге тиек етті. Қол жеткен жетістіктердіӊ мысалы ретінде күні кеше ғана облыстыӊ екі миллионыншы тұрғыныныӊ дүниеге келгенін атап өтті.

- Біздіӊ бүгінгі басты мақсатымыз - Президент алдымызға қойған тапсырмаларды, "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Жолдауындағы жүктеген міндеттерді жүзеге асыру. Бұл орайда мақсаттарымызға облыс тұрғындарымен бірге жұмыла жұмыс істеудіӊ арқасында жететінімізге сенімдімін, - деді.

Мұнан кейін облыс әкімі жетісулықтарға ізгі тілегін білдірді:

- Наурыз мерекесінде ақ дастарқан дәмге толып, үлкендер "Ұлыс оӊ болсын, ақ мол болсын, бәле-жала жерге енсін!" деп ақ бата берген. Осындай шынайы тілек, ізгі лебізден асқан жақсы сөз бар ма?! Сондықтан баршаӊызға мықты денсаулық, бейбіт өмір мен молшылық тілеймін! - деді сөзініӊ қорытындысында.

Бұдан соӊ "Ана тілі аруы" байқауыныӊ жеӊімпаздарын марапаттау рәсімін атқарды.

Мереке мазмұнды концертпен жалғасты. Кешкілік жастарға арналған би кеші ұйымдастырылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны