11.01.2019, 15:33 6374

Талдықорған жастары мюзикл түсіріп, туған қаласын насихаттады

"I love Taldykorgan" мюзиклі - туған жерге, туған елге, туған қалаға деген сүйіспеншілікті насихаттайтын, отбасылық құндылықтар мен бауырластық идеяларын алға шығарған 50 минуттық фильм.

Талдықорған. 11 қаӊтар. Kazakhstan Today - Жастар Талдықорған қаласын насихаттаудыӊ тыӊ жолын тапты. "I love Taldykorgan" мюзиклі түсіріліп, аталмыш фильмніӊ премьералық көрсетілімі Талдықорғандағы "Атамекен" кинотеатрында өтті. Түсірілімніӊ шығармашылық тобын облыс әкімі Амандық Баталов құттықтады, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

"I love Taldykorgan" мюзиклі - туған жерге, туған елге, туған қалаға деген сүйіспеншілікті насихаттайтын, отбасылық құндылықтар мен бауырластық идеяларын алға шығарған 50 минуттық фильм.

Басты кейіпкерлердіӊ өмір тарихын ән-бимен аша отырып, табиғаттыӊ әсемдігімен, қаланыӊ көрікті ажарымен тамаша үйлесімде бере білген. Фильм ішінде облыс орталығыныӊ басты көрнекті орындары мен жаӊа нысандары, соныӊ ішінде әуежай, Қаратал өзенініӊ жағалауы, "Жастар" саябағы, Оқушылар сарайы және басқа да нысандар көз тартады.

Фильм режиссері - Ерлан Ошақбаев, сценарий авторы - Медет Құрманов пен Иділбек Ибілов. Басты рөлдерді Ерік Хами және Карина Жұмалиева сомдады. Сол сияқты мюзиклда Бексұлтан Қазыбек пен Аян Төлепберген де ойнаған.

Фильм аяқталғанда көрермендер дуылдата қол соғып, өздерініӊ ыстық ықыласын білдірді.

Жастардыӊ маӊызды жобасына қолдау білдіргені үшін жастардыӊ атынан фильмніӊ режиссері Ерлан Ошақпаев облыс басшылығына алғысын жеткізді.

Көрсетілімнен кейін сөз алған облыс әкімі Амандық Баталов:

- Мюзикл көӊілді әрі шынайы фильм болып шыққан екен. Талдықорған - өте әдемі қала, жуырда журналистерге берген сұхбатында Елбасы Талдықорған туралы жақсы пікірін білдірді. Біз сол бағаға қуанып қана қоймай, соған лайық бұдан әрі де жұмыс жасауға тиіспіз. Бүгінгі фильмде тек қаланы ғана емес, оныӊ еӊ басты байлығы - оныӊ мейірімді де дарынды тұрғындарын да көрсете білдіӊдер. Креативті ойларыӊ үшін көп рахмет айтамын. Біз өз тарапымыздан жастардыӊ бастамаларын қашанда қолдаймыз. Осы жылды Президент Жастар жылы деп жариялады. Бұл жыл өз мүмкіндіктеріӊді барынша ашуға мүмкіндік беретін ерекше жыл болмақ. Сендерге шығармашылық табыс, шалқар шабыт тілеймін, - деді.

Атап өтсек, бұл - Жетісу жастарыныӊ облыстық ішкі саясат басқармасымен бірігіп түсірген үшінші фильмі. Мюзикл Талдықорған қаласы мен оныӊ маӊында 15 күн ішінде түсірілген.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны