14.02.2018, 12:31 5413

Талдықорғанда 60-тан астам оқушы кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатындағы квест ойынына қатысты

Алматы облысыныӊ Кәсіпкерлер палатасы және Didakt-kz кәсіби бағыт-бағдар беру және мансапты жоспарлау орталығы "Х адамдар: Мамандықтар әлеміне саяхат" атты ауқымды квест ойынын ұйымдастырды. Биыл кәсіби бағдар беру іс-шарасы Талдықорған қаласыныӊ Оқушылар сарайында өтті.

Талдықорған. 14 ақпан. Kazakhstan Today - Талдықорғанда 60-тан астам оқушы квест ойынына қатысты. Балалар мамандықтар әлеміне саяхат жасады.

Алматы облысыныӊ Кәсіпкерлер палатасы және Didakt-kz кәсіби бағыт-бағдар беру және мансапты жоспарлау орталығы "Х адамдар: Мамандықтар әлеміне саяхат" атты ауқымды квест ойынын ұйымдастырды. Биыл кәсіби бағдар беру іс-шарасы Талдықорған қаласыныӊ Оқушылар сарайында өтті.

Квест ойыны әр түрлі мамандықтардан құралатын 10 интерактивті стансадан тұрады. Бекеттерде оқушылар стансаныӊ атын ғана емес, мамандыққа қатысты күрделі тапсырмаларды орындауы тиіс. Шараға Талдықорған қаласыныӊ 60-тан астам оқушы қатысты.

"Өткен жылдан бері кәсіби бағыт беру жұмысын жаӊаша форматқа ауыстырдық. Мамандықтар бойынша дәрістерді қоя тұрып, оқушылар үшін танымдық квест ойынын ойлап таптық. Балалар тәжірибе жүзінде қарапайым кәсіби қабілеттерді бойларында шыӊдауына мүмкіндік береді. Шарамызға қаланыӊ жалпы білім беретін мектептерінен 9 топ қатысты", - дейді Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы адами капиталды дамыту бөлімініӊ сарапшысы Ардақ Қашқарова.

Қатысушыларға арналған бекеттерді құрастыруға Алматы облысыныӊ Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті, №54380 әскери бөлімі, Ө.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясы, "Білім" колледжі, Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаӊа технологиялар колледжі, сервис және технологиялар колледжі, агротехникалық колледжі, гуманитарлы-техникалық колледжі, медициналық колледжі және политехникалық колледжі қатысты.

Стансаларда балалардыӊ жылдамдығы, ептілігі мен дәлдігі сарапқа салынды. Мәселен, "Құрыштан жасалғандар" атты бекетте құрастылырымдарды іс жүзінде күйдіріп, дәнекерлеуші мамандығы бойынша сұрақтарға жауап беру керек болды. Ал "Қайнар Құрылыс" бекетінде қатысушылар дайындалған үй макетін бөлшектеп, кейін қайта құрастырды.

"Бұл шара оӊ әсер мен жарқын сезімдер сыйлады. Ойын болғанына қарамастан, көпшілігіміз үшін болашақ мамандығымызды таӊдауға өз көмегін тигізді", - дейді №9 орта мектеп оқушысы Аружан Қадыр.

Квест ойыны қорытындысы бойынша бірінші орынды №9 мектеп иеленсе, екінші және үшінші орындарды №12 мен №17 мектептер бөлісті. Жеӊімпаздарға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Олар өз кезегінде жалпы ойынныӊ финалына жолдама алады.

"Балалардыӊ көздерінен үлкен қызығушылық мен жаӊа бастамаларға деген құлышынысты байқадық. Бастысы, оқушылар бақылаушы емес, белсенді қатысушы ретінде танылды, топ үшін өздерініӊ үлесін қосты. Біздіӊ балалар өмірдегі еӊ негізгі - болашақ мамандық таӊдауды жасай білуі тиіс", - деп қосты Didakt-kz кәсіби бағыт-бағдар беру және мансапты жоспарлау орталығыныӊ жетекшісі Гүлбарам Адамбаева.

Ұйымдастырушылардыӊ сөзінше, алдағы уақытта "Х адамдар: Мамандықтар әлеміне саяхат" квест ойыныныӊ қосымша екі іріктеу ойыны өтеді. Жеӊімпаздар ойынныӊ финалына қатыса алады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны