26.10.2017, 16:36 7200

Талдықорғанда "Ауылым - алтын қазынам" форумы өтті

Талдықорғандағы І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайына Елбасыныӊ "Рухани жаӊғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткізілетін Қоғамдық келісім кеӊесініӊ "Ауылым - алтын қазынам" атты IV облыстық форумы өтті.

Талдықорған. 26 қазан. Kazakhstan Today - Талдықорғандағы І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайына Елбасыныӊ "Рухани жаӊғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткізілетін Қоғамдық келісім кеӊесініӊ "Ауылым - алтын қазынам" атты IV облыстық форумы өтті. Форум облыс аумағындағыэтносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайтудағы, "Рухани жаӊғыру" бағдарламасыныӊ бағыттарын жүзеге асырудағы Қоғамдық келісім кеӊестерініӊ рөлін арттыру, Кеӊес жұмысын ұйымдастырудағы озық үлгілері насихаттап, өӊірлерге таратуды мақсат етті, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Мәдениет сарайыныӊ кіреберіс фойесіндеаудан, қала, ауылдық округтердегі Қоғамдық келісім кеӊестері жетістіктерініӊ көрмесі ұйымдастырылды.

Форумда кіріспе сөз сөйлеген облыс әкімініӊ орынбасары Жақсылық Омар "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы бойынша аймақта атқарылып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталып өтіп, алдағы жоспарлардан да хабардар етті.Осы жұмыстарға Қоғамдық Келісім кеӊестерініӊ атсалысуын жандандыра түсу қажеттігін айтты.

Жиында негізгі баяндама жасаған облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасыныӊ орынбасары, хатшылық меӊгерушісі Ғабит Тұрсынбайдыӊ айтуынша, бүгінгі күні облыста түрлі деӊгейдегі 627 қоғамдық келісім кеӊестері жұмыс істеуде.Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ қоғамдық келісім кеӊестерін құру арқылы еліміздегі азаматтық қоғам мен мемлекеттік мекемелердіӊ қызметтері бір арнаға тоғыстырылды.Өткен 9 айдыӊ қорытындысы бойынша барлық 627 қоғамдық келісім кеӊестері облыс бойынша әр түрлі деӊгейдегі 2727 іс-шара өткізді, 409 өзекті мәселе қаралып, оӊ шешімін тапты. Сонымен қатар қоғамдық келісім кеӊестері өз қызметін қоғамдық бақылау, медиация, қайырымдылық сияқты Ассамблеяныӊ жаӊа міндеттерімен толықтырған. Ғ. Тұрсынбай "100 нақты қадам" Ұлт жоспарыныӊ "Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру" атты бесінші реформаны жүзеге асыруға дайындық үшін Қоғамдық келісім кеӊестерініӊ қазірден жұмыс жүргізуі қажет бағыттарын атап өтті.

Басқосуда "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалы төрағасыныӊ бірінші орынбасары Ғ. Сарыбаев, Іле, Көксу, Панфилов аудандық Қоғамдық келісім кеӊестерініӊ өкілдері және тағы басқа азаматтар сөз алды. Мәселен, Іле ауданында аталмыш кеӊес жұмысыныӊ алдын ала түсіндіру жұмыстарыныӊ нәтижесінде 20-ға жуық көшеніӊ атауын ауыстыруды халық түсініп қабылдап, іс оӊ шешімін тапқан. Ал Көксу ауданында кеӊестіӊ қатысуымен жасалған қайырымдылық шаралары көптеп саналады. Ұйғыр ауданында Қоғамдық келісім кеӊесі мүшелері жастардыӊ жат ағымдардан сақтау шараларына белсене атсалысқан. Ир аудан-қаланыӊ осындай озық тәжірибелері аталып өтілді.

Жиынды қорытындылаған облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеӊесініӊ төрағасы Оралбек Жақиянов форум соӊын "Ауылым - алтын қазынам" көрмесініӊ үздіктерін марапаттау рәсімімен аяқталды.Бас жүлде Қарасай ауданына берілсе, 1-ші орынды Еӊбекшіқазақ ауданы иеленді. Екінші орын Ақсу, Іле аудандары, 3-ші орынды Кербұлақ, Панфилов аудандары мен Текелі қаласы алды. Жеӊімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар, белсенді қатысқандарға алғыс хаттар табысталды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны