12.02.2018, 20:31 5009

Талдықорғанда Чернобыль апатыныӊ құрбандары еске алынды

Алматы облысында Чернобыль АЭС-індегі апаттыӊ зардаптарын жоюға қатысқан 602 азамат "Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысқаны үшін" төсбелгісімен марапатталды

Талдықорған. 12 ақпан. Kazakhstan Today - Алматы облысында Чернобыль АЭС-індегі апаттыӊ зардаптарын жоюға қатысқан 602 азамат "Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысқаны үшін" төсбелгісімен марапатталды. Марапат Талдықорған қаласында өткен Чернобыль апаты құрбандарын еске алуға және Алматы облыстық "Чернобыль ардагерлері мен мүгедектері" қоғамдық бірлестігініӊ 25 жылдығына арналған "Ерлікке тағзым" атты салтанатты жиында тапсырылды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Еӊ алдымен жиналғандар құрбан болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, ірі апаттыӊ салдарын жоюға қатысқандарға тағзым етті.

Жиында сөз алған облыс әкімініӊ бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов Чернобыль апатына байланысты статистикалық деректерді атап өтті. Оныӊ айтуынша, атом электр стансасындағы апат зардаптарын жоюға 32 мыӊнан астам қазақстандық қатысқан. Соныӊ ішінде Алматы облысыныӊ 2 мыӊдай тұрғыны бар.

- Президентіміз Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ басшылығымен еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген тұста Мемлекет басшысы еӊ алдымен ядролық қарудан бас тартып, Семей полигонын жабу туралы тарихи шешім қабылдады. Өйткені Чернобыль апаты бүкіл әлемге атом энергиясыныӊ бақылаудан шығып кетсе қандай күйге ұшыратынын көрсетіп берді. Сонымен қатар бұл қайғылы оқиға өз өмірлерін аямастан апаттыӊ зардабын жоюға атсалысқан адамдардыӊ ерік-жігері мен батырлық үлгісін де таныта алды. Бүгін біз чернобылдық ерлерді еске алуға жиналып отырмыз. Ирқайсыларыӊыздыӊ сол кезеӊдегі іс-әрекеттеріӊіз - бүгінгі ұрпақ үшін ерліктіӊ үлгісі, - деді Л. Тұрлашов.

Осы тақырыптағы сөзді облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттіӊ басшысы Берлібек Берістемов, облыстық төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасыныӊ басшысы Евгений Жуков, Қазақстан Республикасы "Чернобыль ардагерлері" үйлестіру кеӊесініӊ төрағасы Бақытжан Ишірбаев, Алматы облыстық "Чернобыль ардагерлері мен мүгедектері" қоғамдық бірлестігініӊ төрағасы Мұстафа Құсайын жалғастырды. Жастар атынан облыстық жастар саясаты орталығы директорыныӊ орынбасары Жандос Байқамитов сөйлеп, чернобылдық ерлердіӊ ерліктері жастарды отансүйгіштікке, жігерлі болуға, адамзатты сүюге тәрбиелейтінін атап өтті. Осы кездесуге қатысқандар қатарында Семей қаласындағы "Чернобыль мүгедектері" ҚБ төрағасы Виньямин Следников, Қызылорда облыстық "Ару Ана" ҚБ төрайымы Раушан Сарымсақова, Алматы қаласындағы "Ерекше тәуекелдіӊ жауынгерлер бөлімшесі" ҚБ төрағасы Валерий Перминов және басқа да азаматтар болды.

Салтанатты шара марапаттау рәсімімен жалғасып, тиісті марапаттарды облыс әкімініӊ бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов табыстады. Солардыӊ қатарында Чернобыль апатыныӊ зардаптарын жоюға қатысушы ретінде Л. Тұрлашовқа да марапат берілді.

Жалпы 1986 жылы Чернобыль атом электр стансасында болған ірі апаттыӊ зардаптарын жоюға Алматы облысынан 2 мыӊнан астам азамат аттанған болса, бүгінде олардыӊ 602-сі ортамызда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны