16.04.2012, 14:30 3701

Талдықорғанда қоғамдық көліктерде жолақы 50-67% қымбаттады

Соған қарамастан, қалалық әкімшіліктен хабарлағандай, қоғамдық көліктерге жолақы құнын қымбаттатуға ешкім рұқсат бермеген. "Оған мәслихаттың келісімі керек", - деп хабарлады әкімшіліктен.

Талдықорған. 16-сәуір. Kazakhstan Today - Талдықорғанда қоғамдық көліктерде жолақы 50-67% қымбаттады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, автобустарда жолақы 30 теңгеден 50 теңгеге дейін, шағын автобустарда - 40-тан 60 теңгеге дейін көтерілген.

Соған қарамастан, қалалық әкімшіліктен хабарлағандай, қоғамдық көліктерге жолақы құнын қымбаттатуға ешкім рұқсат бермеген. "Оған мәслихаттың келісімі керек", - деп хабарлады әкімшіліктен.

"Жолаушы тасымалдау жолақы құнын көтеруге өтініш берілді, алайда ол қолдау тапқан жоқ. Бірақ жолаушы тасымалымен айналысатын бірқатар кәсіпорындар өз еріктерімен жолақы құнын қымбаттатып жіберген", - деді әкімшіліктен.

"Қазіргі уақытта қала басшылығы тексеріс жүргізуде, соның негізінде тиісті шаралар қолданылатын болады", - деп түсіндірді қала әкімшілігі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны