02.04.2018, 15:47 4385

Талдықорғанда мектепке дейінгі білім беру саласындағы инвесторлар форумы өтті

"Бүгінгі таӊда 1022 мектепке дейінгі ұйымдардыӊ ішінде 185-і - мемлекеттік, 425-і жекеменшік және 412-сі мектеп жанындағы шағын орталықтар. Балабақшаларда 70 мыӊнан астам бүлдіршін қамтылған, бұл жалпы қамту деӊгейініӊ 95%-і. Айта кету керек, мемлекеттік қолдау шаралары мен қолайлы бизнес ахуал жекеменшік балабақшалардыӊ сандық және сапалық өсуіне серпін берді", - деді Нариман Ибілшайықов

Талдықорған. 2 сәуір. Kazakhstan Today - Талдықорғанда мектепке дейінгі білім беру саласындағы инвесторлар форумы өтті.

Шараға 200-ден астам жекеменшік балабақшалардыӊ басшылары қатысты

Облыс орталығында "Балалық шаққа инвестиция" мектепке дейінгі білім берудегі инвесторлардыӊ І облыстық форумы болды. Шара Қазақстан мектепке дейінгі білім ұйымдары қауымдастығыныӊ филиалы және Алматы облысыныӊ Кәсіпкерлер палатасыныӊ ұйымдастыруымен, облыс әкімдігі және Іскер әйелдер кеӊесініӊ қолдауымен өтті.Форумға 200-ден астам жекеменшік балабақшалардыӊ басшылары қатысты. Онда мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктіӊ қорытындысы шығарылып, мектепке дейінгі саладағы еӊ өзекті мәселелер көтерілді және алдағы тенденциялар мен даму бағыттары айтылды.

Форум модераторы Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасыныӊ директоры Нариман Ибілшайықов мектепке дейінгі білім мемлекет пен жеке сектор арасындағы әріптестіктіӊ еӊ танымал және сұраныстағы саласы екенін атап өтті.

"Бүгінгі таӊда 1022 мектепке дейінгі ұйымдардыӊ ішінде 185-і - мемлекеттік, 425-і жекеменшік және 412-сі мектеп жанындағы шағын орталықтар. Балабақшаларда 70 мыӊнан астам бүлдіршін қамтылған, бұл жалпы қамту деӊгейініӊ 95%-і. Айта кету керек, мемлекеттік қолдау шаралары мен қолайлы бизнес ахуал жекеменшік балабақшалардыӊ сандық және сапалық өсуіне серпін берді", - деді Нариман Ибілшайықов.

Сессия барысында "Атамекен" ҚР ҰКП Илеуметтік сала және әлеуметтік серіктестік комитетініӊ төрағасы Талғат Доскенов мемлекеттік және жекеменшік балабақшалар бірдей бәсекелестік ортада емес екеніне назар аударды.

"Мемлекеттік және жекеменшік білім беру ұйымдарыныӊ құқықтары бірдей. Алайда түсініксіз себептер бойынша ол ұйымдарға деген көзқарас пен қарым-қатынас екі түрлі. Мысалы, мемлекеттік балабақшалар тәрбишілеріне оқыту жүргізілгенімен, екеменшік балабақшалар үшін бұндай мүмкіндік жоқ. Қарап отырсақ, кәсіпкерлерден түскен салыққа мемлекет тарапы тек мемлекеттік ұйымдарға ғана қаржы жұмсауда. Бұл әділетті ме? Сонымен бірге, жекеменшік және мемлекеттік ұйымдар теӊ бәсекелесітік ортада емес. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бұл жағдайға сараптама өткізіп, жекеменшік балабақшалар үшін бірдей бәсекелестік орта құруы тиіс", - деді спикер.

Талғат Доскеновтіӊ сөзінше, мектепке дейінгі білім бизнесі бұдан да тартымды етіп, бөлінетін мемлекеттік қаржыландыруды көбейту керек. Себебі көптеген жекеменшік балабақшалар мен шағын орталықтар шығындарын өтей алмайды.

"ҰКП, әкімдік, қауымдастықтар осы жағдайды назарға алуы керек. Мысалы Тынық мұхиты, Таяу Шығыс елдерінде мемлекет жекеменшік ұйымдардыӊ шығындарын 50%-ке дейін қамтиды. Сонымен қатар, мемлекеттік бақылауды азайтып, қоғамдық бақылауды күшейтуіміз маӊызды. Бақылау ата-аналар, балабақшалар менеджерлері, өзін-өзі реттейтін ұйымдар тарапынан болуы қажет", - деді "Атамекен" ҚР ҰКП Илеуметтік сала және әлеуметтік серіктестік комитетініӊ төрағасы.

Бүгінде Алматы облысында балабақшалардыӊ 70%-і жекеменшік болып табылады.

Қазақстан мектепке дейінгі білім ұйымдары қауымдастығыныӊ президенті Лейла Күленова жекеменшік сектордыӊ мемлекеттік білім беру жүйесініӊ баламасына айналғанына назар аударды. Алайда бұл салада педагогикалық мамандар тапшы.

"Статистика бойынша мектепке дейінгі саладағы түлектердіӊ тек 20%-і ғана өз мамандығы бойынша жұмыс істейді. Бұл бағытта дуальді оқытуды дамыту керек. Студент уақытыныӊ көпшілігін тәжірибеде өткізіп, болашақ жұмысын жіті білуі керек", - деп атап өтті спикер.

Күленова кәсіпкерлер өздерініӊ құқықтық сауаттылығын арттыруын жалғастыруы керек екенін айтты.

"Кәсіпкерлердіӊ бастамаларын қолдау мақсатында 2012 жылы Қазақстанныӊ мектепке дейінгі ұйымдарыныӊ қауымдастығын құрдық. Бұл ассоциация құрамында 800-ден астам кәсіпкерлік субъектісі бар және осы білім саласы өкілдерініӊ мүдделерін қорғап келеді. Сондықтан біз кәсіпкерлерді біліктілігін арттыруға, заӊ шығарушылық жұмысқа белсене қатысуға шақырамыз",- дейді Лейла Күленова.

Қазақстанныӊ мектепке дейінгі ұйымдарыныӊ қауымдастығы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе Үкімет пен Парламентте бизнестіӊ заӊды мүдделерін қорғап, жүйелі мәселелерді көтеріп келеді. Соныӊ нәтижесінде санитарлық-эпидемилогиялық талаптарға өзгерістер енгізілді, жан басына шаққандағы қаржыландырудыӊ жаӊа ережесі қабылданды.

Форум аясында Алматы облысы әкімініӊ орынбасары Жақсылық Омар кәсіпкерлерге ауылдық жерде көптеп балабақша ашудыӊ маӊыздылығын атап өтті.

"Алматы облысында 2 млн-нан астам адам бар, облыс орталығында 170 мыӊға жуық азамат тұрады. Демек, адамдардыӊ көпшілігі ауылда тұрады деген сөз. Сондықтан біз шағын орталықтарды азайтып, балабақшаларды ауылдарда ашуымыз керек. Онда жоғары кәсіби мамандар қызмет етіп, заманауи материалды-техникалық жабдықпен қамтамасыз етілуі керек. Қазір өӊірімізде 425 жекеменшік балабақша бар. Енді саннан сапаға көшуіміз керек", - деді Жақсылық Омар.

Ресейдіӊ Кемерово қаласында қайғылы жағдайдыӊ орын алуына байланысты форумда нысандардыӊ қауіпсіздігі мен тексерулер өткізу мәселесі талқыланды. Облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент басшысыныӊ орынбасары Юрий Чернышов балабақшалар қауіп-қатері жоғары объектілерге жататынын, алайда тексерулер жоспарлы түрде өтетін мәлімдеді.

Форум спикерлері мемлекеттік органдарға алдағы уақытта нысандардағы қауіпсіздік мәселесі бойынша мониторингті Кәсіпкерлер палатасы, қауымдастық пен бизнес өкілдерімен бірлесе өткізу туралы ұсыныс білдірді.

Сессиялар барысында Алматы облысында Мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамытудыӊ өӊірлік орталығы директорыныӊ орынбасары Қайыржан Бермаханов, "Даму"қоры филиалы директорыныӊ орынбасары Руслан Сәметеев және бухгалтерлік есеп пен мектепке дйеінгі білім беру саласы мамандарыныӊ баяндамалары тыӊдалды.

Кәсіпкерлер форум қатысушыларын табыс оқиғаларымен жігерлендіріп отырды. "Басқару негіздерініӊ мектебі" мемлекеттік емес мекемесініӊ директоры Любовь Сергеева мен "Еркем-Ай" балабақшалар желісі мен "Дана" жекеменшік мектебініӊ құрылтайшысы Күләнда Батырбекова балабақша бизнесініӊ қыр-сырымен бөлісті. Сонымен қатар, жекеменшік балабақшалардыӊ қызметіне арналған шағын көрме ұйымдастырылды.

Форумды қорытындылай келе, "Атамекен" ҚР ҰКП Илеуметтік сала және әлеуметтік серіктестік комитетініӊ төрағасы Талғат Доскенов аталмыш шараны жаӊа деӊгейге шығарып, республикасы аясында адами капиталды дамыту саласындағы мәселелер мен даму мүмкіндіктерін талқылауды ұсынды.

Шара соӊында көпжылдық еӊбегі мен кәсіпкерлікті дамытуға қосқан үлесі үшін бірқатар жекеменшік балабақшалардыӊ басшылары алғыс хаттармен марапатталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны