03.06.2016, 16:40 4869

Талдықорғанда Мемлекеттік ту 92 метр биіктікке көтерілді

Бүгін Талдықорған қаласында Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығына орай Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік рәміздері күні қарсаӊында "Жастар" мәдени-демалыс саябағынындағы "Этноауылда" орнатылған ту тұғырына 92 метр биіктікке Мемлекеттік ту көтерілді. Бұл биіктік өлшемі Қазақстан Тәуелсіздігініӊ жаӊа мемлекетік символдары бекітілген 1992 жылға негізделіп алынған

Астана. 3 маусым. Kazakhstan Today - Бүгін Талдықорған қаласында Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығына орай Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік рәміздері күні қарсаӊында "Жастар" мәдени-демалыс саябағынындағы "Этноауылда" орнатылған ту тұғырына 92 метр биіктікке Мемлекеттік ту көтерілді. Бұл биіктік өлшемі Қазақстан Тәуелсіздігініӊ жаӊа мемлекетік символдары бекітілген 1992 жылға негізделіп алынған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мерекелік шара Қазақстанныӊ тәуелсіздікке қол жеткізуге дейінгі тарихи жолдары бейнеленген театрландырылған көрініспен басталып, балабақша тәрбиеленушілері Отан, Мемлекеттік рәміздер, тәуелсіздік туралы өлеӊ-тақпақтарын оқыды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігініӊ баспасөз қызметінен.

Туды көтерер алдында облыс әкімі Амандық Баталов жиналғандарды салтанатты шарамен құттықтап:

"Бүгін Қазақстан Республикасыныӊ мемлекеттік рәміздер күні қарсаӊында Жетісудыӊ бас қаласы Талдықорғанда Мемлекеттік Ту тұғырына орнатылып, салтанатты түрде көтеріледі. Осындай Мемлекеттік Ту Астана, Алматы сияқты еліміздіӊ ірі қалаларында орнатылған. Бұдан былай мемлекеттік мерекелер осы Ту тұғырыныӊ астында өтетін болады.

Көк Тудыӊ тұғырын биіктету - Қазақстанныӊ ертеӊгі тізгінін ұстайтын, болашақтыӊ иесі - жастарға аманат", - деді өз сөзінде.

Облыс басшысы, сонымен қатар біздіӊ мемлекеттік туымыздыӊ ынтымағы мен бірлігі жарасқан елдіӊ символына айналғанын да атап өтті.

"Елбасымыз Нұрсұлтан Ибішұлы: "Біз Тәуелсіздікке қол жеткіздік, енді сол Тәуелсіздіктіӊ қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз керек. Ирбір азамат Қазақстанныӊ Туын, Елтаӊбасын, Инұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет",- деп атап өткендей, біз үшін Мемлекеттік рәміздер - ұлттық тұтастықтыӊ кепілі.

Дана халқымыз "Туған жерге туыӊды тік" дейді. Олай болса, Жетісудай жер жаннатында алып ту тігу - біз үшін асқан абырой, зор мәртебе. Тудыӊ кеӊдігі - еліміздіӊ дархандығы, биіктігі - мәртебесініӊ асқақтауы деп білеміз. Туымыз тұғырлы, тәуелсіздігіміз ғұмырлы болсын!к - деді ізгі тілегін білдіріп.

"Көк тудыӊ желбірегені" және "Қазақстан - Нұрсұлтан" патриоттық әндері белгілі әнші Ибрагим Ескендір мен "Талдықорған әуендері" ансамблі әншілерініӊ орындауында шырқалса, бұдан әрі мереке саябақтыӊ негізгі сахнасында жалғасып, Сүйінбай атындағы облыстық филармония, "Талдықорған әуендері" ансамблі, Қазақстан эстрадасыныӊ өнерпаздары ән мен жырдан шашу шашты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны