17.08.2017, 16:53 4623

Талдықорғанда "National Geographic" үздік фотосуреттерден көрме ұйымдастырды

Көрмеге танымал журналдыӊ еӊ әйгілі фотосуреттері қойылды. Көрме бір ай бойы жалғасады. Шара соӊында "National Geographic Қазақстан" журналыныӊ қызметкерлері Алматы облысыныӊ еӊ көрнекті орындарына арнайы экспедицияға шығады.

Талдықорған. 17 тамыз. Kazakhstan Today - Талдықорғандағы Оқушылар сарайында "National Geographic" 50 үздік фотосуреттерін ұсынған көрме ұйымдастырды. Шараға облыстық туризм басқармасы қолдау көрсеткен.

Көрмеге танымал журналдыӊ еӊ әйгілі фотосуреттері қойылды. Көрме бір ай бойы жалғасады. Шара соӊында "National Geographic Қазақстан" журналыныӊ қызметкерлері Алматы облысыныӊ еӊ көрнекті орындарына арнайы экспедицияға шығады. Экспедиция бағытына "Алтынемел" МҰТС, Иулиеағаш, Шарын шатқалы, Көлсай көлі, Қайыӊдыкөл, Торайғыр тауы, Есік қорғандары, Тамғалы петроглифтері және басқа да тарихи-мәдени ескерткіштер енгізілген.

Алматы облысыныӊ туризмін дамыту Қазақстан Республикасыныӊ туристік саласын 2020 жылға дейін дамыту тұжырымдамасына, Қазақстан Республикасында қызмет көрсету саласын 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады, оған негізгі туристік көрнекі жерлер қосылған: петроглифтері бар Тамғалы археологиялық ладшафты (ЮНЕСКО объектісі); ЮНЕСКО алдын ала тізіміне қосылған "Алтын-Емел" МҰТП, Шарын МҰТП аумағындағы Шарын каньондары, Қапшағай су қоймасы; Іле-Алатау МҰТП Алматы қаласыныӊ маӊындағы тау-шаӊғы аймақтары, "Жаӊа-Іле" туристік орталығы.

Облыстыӊ туристік мүмкіндіктері туризмніӊ барлық дерлік түрлерін дамытуға мүмкіндік береді: тау, жаяу, су, экологиялық, мәдени-танымдық және т.б. 118 туристік маршруттар жасалған, мемлекеттік тізілімге 107 туристік фирмалар қосылды.

ҚР туристік саласын 2020 жылға дейін дамыту тұжырымдамасына сәйкес, Алматы облысыныӊ туризмін дамытудыӊ шебер-жоспары бекітілді, онда 5 кластерлік бағыт анықталды: Талғар-Есік (курорт), Қапшағай (курорт), Қарадала (курорт), Райымбек, Алакөл-Жетісу және Шығыс-Балқаш.

Туризмді дамытудыӊ шебер-жоспарын жүзеге асыру турөнімніӊ бәсеке қабілеттілігін арттыруға, бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдай жасауға, облыс туризмініӊ инфрақұрылымын дамытуға мүмкіндік береді.

Негізгі мәселелер:

көлік инфрақұрылымыныӊ нашар жағдайы; облыстыӊ 8 ауданында, оныӊ ішінде Райымбек, Ұйғыр, Алакөл, Сарқан, Панфилов, Кербұлақ, Ақсу, Ескелді аудандарында трансшекаралық маршруттарды дамыту мәселелері (шекаралық аймаққа кіру рұқсатыныӊ ұзақ рәсімделуі);

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны