31.07.2015, 15:19 6613

Талдықорғанда өзін-өзі қорғамақ болған полиция қызметкері ер адамға оқ атып өлтірді

Талдықорған қаласында өзін-өзі қорғау мақсатында табельдік қаруды қолданған полиция қызметкері өзіне шабуыл жасаған ер адамды атып өлтірді

Астана. 31 Шілде. Kazakhstan Today - Талдықорған қаласында өзін-өзі қорғау мақсатында табельдік қаруды қолданған полиция қызметкері өзіне шабуыл жасаған ер адамды атып өлтірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Ағымдағы жылдыӊ 29 шілдесінде веб-порталға күміс түсті "Тойота-Камри 40" маркалы көлігі облыс орталығында жылдамдықты асырып, жол қозғалысы ережелеріне қайшы келетін әйнектері қараӊғылатылған және алдыӊда мемлекеттік нөмірлік белгісіз жүргені туралы хабарлама келіп түскен. 30 шілде күні шамамен сағат 22-де полиция капитаны Б.Шәмшидинов, полицияныӊ аға лейтенанты А.Нұрлыбаев және полицияныӊ кіші сержанты А.Байбековтан тұратын "Бүркіт-157" патрульдік жасағы бұл автокөлікті Талдықорғандағы Тәуелсіздік-Ескелді би көшелерініӊ қиылысында тоқтатты", - деп хабарлады Алматы облыстық ІІД-ніӊ баспасөз қызметінен, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Құжаттарды тексеру кезінде "Тойота-Камри 40" көлігініӊ жүргізушісі полиция қызметкерлерініӊ талаптарына қарамастан орнынан тез қозғалып Тәуелсіздік көшесімен шығыс жаққа қарай жасырынуға әрекет жасады.

Полицияныӊ аға лейтенанты А.Нұрлыбаев "Тойота-Камри 40" жүргізушісініӊ құқыққа қарсы әрекеттерініӊ алдын алмақ болды. Соӊғысы шұғыл бұрылған кезде көлігі капотыныӊ шетімен полиция қызметкерін іліп алып кеткен де оны 189 метр жерге дейін үлкен жылдамдықпен ала кетті.

"Бүркіт-157" экипажыныӊ кәсіби әрекеттерініӊ арқасында "Тойота-Камри 40" көлігі тоқтатылды. Аталған көліктіӊ жүргізушісі полиция қызметкерлеріне қарсылық танытты, алайда ұсталған соӊ, оған қолкісен тағылды.

"Тойота-Камри 40" көлігініӊ ішінде үш жолаушы: екі бойжеткен мен бір ер адам отырған.

Полиция қызметкерлерініӊ талабы бойынша жолаушылар көліктен шықты. Олардыӊ бірі, ер адам, полицейдіӊ талаптарына құлақ аспай, бағынған жоқ, одан кейін тәртіп сақшысына қарай пышақ ала ұмтылды. Өзін-өзі қорғамақ болған полиция қызметкеріне табельдік қаруды қолдануына тура келіп, оқ атты. Көліктіӊ жолаушысы алған жарақаты салдарынан көз жұмды.

Аталған оқиға бойынша барлық материалдар тергеу үшін облыстық арнайы прокуратураға жіберіледі, ол аяқталған соӊ полиция қызметкерлерініӊ әрекеттеріне құқықтық жағынан баға беріледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны