05.05.2016, 22:03 2291

Талдықорғанда соғыс ардагерлері мен тыл еӊбеккерлері "Қара жорға" биледі

Талдықорған қаласыныӊ әкімі Бағдат Қарасаев Ұлы Отан соғысыныӊ ардагерлеріне және тыл еӊбеккерлеріне арнап қабылдау ұйымдастырды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктіӊ баспасөз қызметі.

Талдықорған. 5 мамыр. Kazakhstan Today - Талдықорған қаласыныӊ әкімі Бағдат Қарасаев Ұлы Отан соғысыныӊ ардагерлеріне және тыл еӊбеккерлеріне арнап қабылдау ұйымдастырды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктіӊ баспасөз қызметі.

"Ұлы Отан соғысы ұлығаусар қанды қырғындардыӊ бірі ретінде тарихта қалғаны мәлім. Сан мыӊдаған қалалар, ауылдар мен елдімекендер тұтастай фашистік идеологияныӊ жалынына оранды. Мұздай қаруланған қаныпезерлер Отанымызды жаншып өтіп, табаныныӊ астына салу үшін бар күшін жұмылдырған болатын. Біздіӊ аталарымыз бен апаларымыз - қарапайым шаруалар мен жұмыскерлер көзсіз ерлік пен теӊдесі жоқ жаужүректік танытып, отан қорғауға шықты. Бүгін әрбір отбасы Ұлы Отан соғысы жылдарында от кешкен өз жақындарын мақтан тұтады. Сұм соғыс әр адамды, әрбір отбасын шарпыды, сол себепті де біз Жеӊіс мерекесіне айрықша маӊыз береміз", - деді әкім, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Мерекелік іс-шараға "Талдықорған әуендері" фольклорлық-этнографиялық ансамблініӊ әртістері қатысып, соғыс жылдарындағы тамаша әндерді шырқады. Ансамбльдіӊ бишілер тобы "Қара жорға" халық биін орындап, оны соғыс ардагерлері мен тыӊ еӊбеккерлері іліп әкетті.

"Соғыс ардагерлері мен тыл еӊбеккерлері қала басшылығынан 50 мыӊ теӊге мөлшеріндегі ақшалай сыйақы мен мерекелік азық-түлік себетін сыйға алды", - деп хабарлайды әкімдіктегілер.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны