05.05.2017, 17:42 8098

Талдықорғанда үкіметтік емес ұйымдарға арналған консалтинг орталығы ашылды

Талдықорғанда үкіметтік емес ұйымдарыныӊ консалтинг орталығы ашылды. Алматы облысыныӊ ішкі саясат басқармасыныӊ бастамасымен журналистер үйінде ашылған нысанныӊ салтанатты ашылу рәсіміне жергілікті атқарушы органдары мен үкіметтік емес ұйымдардыӊ өкілдері қатысты.

Талдықорған. 5 мамыр. Kazakhstan Today - Талдықорғанда үкіметтік емес ұйымдарыныӊ консалтинг орталығы ашылды. Алматы облысыныӊ ішкі саясат басқармасыныӊ бастамасымен журналистер үйінде ашылған нысанныӊ салтанатты ашылу рәсіміне жергілікті атқарушы органдары мен үкіметтік емес ұйымдардыӊ өкілдері қатысты.

Шара барысында Алматы облысы әкімініӊ орынбасары Жақсылық Омар облыс бойынша үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, техникалық, кеӊестік салалар бойынша қолдау көрсетіп, қажетті бағыт-бағдарда жұмыс істеуі үшін аталмыш орталықтыӊ қажет екенін атап өтті.

Жаӊа орталықтыӊ жетекшісі Елдар Сапаров мекеменіӊ мақсаты, міндеті, ұсынылатын қызметтер спектрі, өӊірлік ҮЕҰ желілік жұмыстарын ұйымдастыру туралы ақпарат беріп өтті. ҮЕҰ жетекшілері және қатысушы қонақтар орталық қызметкерлеріне сұрақтарын қойып, қажетті кеӊес алды.

"Бүгін сіздер мен біздер үшін ерекше күн деп айтсақ қателеспейміз. Себебі бүгін әртүрлі жиындар мен форумдарда айтылып жүрген Үкіметтік емес ұйымдардыӊ әлеуетін көтеріп, жан жақты қолдау көрсететін орталық ашылып отыр. Консалтинг орталығыныӊ басты мақсаты облысытағы ҮЕҰ жұмыс жасауына және олардыӊ қоғамды демократияландыруда өз үлесін қосуға қолайлы жағдай туғызу. Алдағы уақытта біз осы орталықтыӊ жұмысын дамыту үшін еӊбек ететін боламыз", - деді консалтинг орталығыныӊ жетекшісі Елдар Қайсарұлы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны