30.10.2017, 16:31 4487

Талдықорғанда университет жанынан биотехнология мәселелерініӊ ғылыми-зерттеу институты ашылды

Талдықорғанда І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетініӊ 45 жылдығы аталып өтілді. Оқу орныныӊ айтулы датасы шеӊберінде биотехнология мәселесініӊ ғылыми-зерттеу институтыныӊ салтанатты ашылуы өтті

Талдықорған. 30 қазан. Kazakhstan Today - Талдықорғанда І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетініӊ 45 жылдығы аталып өтілді. Оқу орныныӊ айтулы датасы шеӊберінде биотехнология мәселесініӊ ғылыми-зерттеу институтыныӊ салтанатты ашылуы өтті, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

ЖОО ұжымы мен студенттерін мерейтойымен облыс әкімі Амандық Баталов құттықтап, университет жанынан құрылған ғылыми-зерттеу институтыныӊ ашылуына қатысты.

Институттыӊ құрамында екі - биогеотехнология және агробиотехнология зертханалары бар. Олардыӊ жұмысы тау-кен және аграрлық өнеркәсіп салаларына инновациялық биотехнологиялық тәсілдерді енгізуге негізделеді. Қазіргі кезде институтта докторлар мен ғылым кандидаттарын қосқанда 9 қызметкер бар. Зерттеу жұмыстарына "Биология" эәне "Экология" факультеттерінде оқитын студенттер де тартылады.

Институт жұмысымен кеӊінен танысып, лабораторияны аралаған облыс басшысы зертхана қызметкерлерініӊ жұмысына табыс тілеп, тілектестігін білдірді. Сонымен қатар олардыӊ агробиотехнология саласындағы еӊбектері бүгінгі күн үшін, әсіресе біздіӊ агро-индустриалды облысымыз үшін және ауыл шаруашылығына инновацияларды енгізу жұмысы атқарылып жатқан осы шақта аса маӊызды саналатынын атап өтті.

Мұнан соӊ Амандық Баталов ЖОО-ныӊ 45 жылдығына арналған салтанатты шараға қатысып, құттықтау тілегін жеткізді.

- Қазақ поэзиясыныӊ Құлагері Ілияс Жансүгіровтіӊ атымен аталған университет жарты ғасырға жақын уақыт ішінде отандық білім жүйесінде өз орны мен дәстүрі бар білім ордасына айналды.Университет түлектері өӊіріміздіӊ экономикасыныӊ әр саласында еӊбек етіп жүр. Исіресе, педагог мамандардыӊ 90 пайызға жуығы - Жетісу мемлекеттік университеті даярлаған кадрлар.

Тәуелсіздіктіӊ алғашқы жылдарында Президентіміз Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ университетке арнайы келіп, дамудыӊ басты бағыттарын айқындап беруі оқу орныныӊ өркендеуіне тікелей әсер етті.Елбасымыздыӊ жоғары білім беру жүйесін дамыту жөніндегі тапсырмаларына орай, бүгінгі таӊда университетте заман талабына сай жас буынды оқытып, тәрбиелеу жақсы жолға қойылған. Жетісудыӊ басты білім ордасында оқыған жастарымыз облыстыӊ, еліміздіӊ абыройын асыра берсін!Университет ұжымына мол табыстілеймін! - деді А. Баталов. Білім ордасында облыс әкімініӊ грантымен білім алып жатқан студенттер оқуын оқу жылыныӊ соӊына дейін аяқтауы үшін 35 млн. теӊгеніӊ сертификатын табыстады.Сонымен қатар облыс әкімі университет ректоры Куат Баймырзаевқа облыс әкімініӊ алғыс хатын және білім ордасыныӊ бірқатар қызметкерлеріне құрмет грамоталарын тапсырды. Шара барысында Амандық Баталовқа "Құрметті профессор" атағы берілді.

Салтанатқа құлагер ақын Ілияс Жансүгіровтіӊ ұлы Саят Жансүгіров арнайы қатысты. Жиын университет түлектерініӊ, оқытушыларыныӊ, студенттер мен қонақтардыӊ ізгі тілектерімен жалғасты.

Жалпы, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін құрылғаннан бері 49000 түлек бітірген. Олардыӊ 35 мыӊы - педагогикалық мамандықтар бойынша тәмамдаған. Бітірушілер арасында ғарышкер-сынақшы, авиация генерал-майоры, "Халық қаһарманы" Айдын Айымбетов, Атлантадағы Олимпиада ойындарыныӊ жүлдегері, қола медаль иегері Мәулен Мамыров та бар. Бүгінгі күні университетте 6 мыӊ студент оқиды. Олардыӊ ішінде 40-ы мамандық бойынша - бакалавр, 21-і - магистр, 6-уы - докторанттар. Биылғы жылы университет тұӊғыш рет Еуропа мен Орта Азияныӊ дамушы үздік жоғарғы оқу орындарыныӊ арнайы рейтингісінде алдыӊғы қатардағы 300-діктіӊ ішіне кірді. Ал ұлттық рейтинг бойынша көпсалалы ЖОО 12-ші орында, деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны