01.11.2016, 14:40 3889

Талдықорғанда Жас кәсіпкер мектебі жұмысын бастады

Жоба "Бизнестіӊ жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудыӊ бірыӊғай бағдарламасы аясында өткізілуде.

Талдықорған. 1 қараша. Kazakhstan Today - Талдықорғанда Жас кәсіпкер мектебі жұмысын бастады.

Жоба "Бизнестіӊ жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудыӊ бірыӊғай бағдарламасы аясында өткізілуде. Жас кәсіпкер мектебі (ЖКМ) жастардыӊ инновациялық және кәсіпкерлік әлеуетін ашуға жәрдемдесуге бағытталған.

Оқыту 25 адамнан тұратын екі топқа жүргізіледі. Бірінші сабақта қатысушылар кәсіпкерліктіӊ құқықтық негіздерімен танысты. Бизнес-тренелерлер Александр Кузнецов пен Қайрат Оӊғаров жастарға ЖК, ЖШС, шаруа қожалығын ашу тәртібімен, бизнесті жүргізудегі қиындықтар мен ерекшеліктері туралы түсіндірді.

"Жас кәсіпкер мектебі студенттер мен кәсібін енді бастаған жастардан құралды. Аталмыш курстыӊ басты ерекшелігі біздіӊ ұсыныстарыз бен кеӊестеріміз кәсіпкерлік саласындағы шынайы мысалдар мен үлгілер бойынша әзірленген", - деп атап өтті Қ.Оӊғаров.

Жоба қатысушыларыныӊ бірі - Бағжан Сапиров. Жас кәсіпкер бір жыл бұрын жеке кәсіпкерлікті ашып, қазіргі күні жарнамалық роликтерді дайындаумен айналысады. Жас кәсіпкер мектебі туралы әлеуметтік желіден естіген. Айтуынша, ЖКМ жаӊа білімді меӊгеруге жақсы мүмкіндік.

Мектептіӊ тағы бір оқушысы - 21 жасар Айнұр Рыспековаға кәсіпкерлікпен айналысу идеясы баласын босанған соӊ келген. Оқыту барысында біліктілігін көтеріп, балалар киімін шығаратын отандық брендті ойлап тапқысы келеді.

"Осыдан жарты жыл бұрын кішкентай балалардыӊ тоқыма заттарына тапсырыс ала бастадым. Нарықта балалар киіміне сұраныс болғанымен, киім шығаратын қазақстандық өндірістер жоқтыӊ қасы. Ал бүгінгі таӊда кәсібіммен айналысу барысында маркетинг саласындағы қиындықтарға тап болдым. Сондықтан да, Жас кәсіпкер мектебіндегі курстар арқылы бұл бағыттағы білімімді толықтырғым келеді", - деді ол.

Сонымен қатар, оқытушылар Кәсіпкерлер палатасы мен Кәсіпкерлікті қолдау орталығыныӊ қызметі және онда әр уақытта тиісті кеӊес пен мәселеніӊ шешілуіне жәрдемдесетінін атап өтті.

Ал алдағы уақытта Жас кәсіпкер мектебініӊ алаӊында сарапшылар мен тәжірибелі кәсіпкерлерлердіӊ лекциялары жоспарлануда. Оқытудыӊ қорытындысы бойынша бизнес-жоспарларын сәтті қорғап шыққан жоба қатысушыларына тиісті сертификаттар табысталады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны