23.10.2018, 16:33 4155

Талдықорғанда "ZhetysuTravel" Халықаралық туристік форумы өтті

Жалпы, Алматы облысына келетін туристер легі жыл сайын 20-30 % өсуде. Биылғы жылы Жетісу өӊіріне табан тірейтін туристер саны 2 миллионға жетеді деп күтіліп отыр.

Талдықорған. 23 қазан. Kazakhstan Today - Талдықорғандағы Көрме кешенінде ZhetysuTravel" Халықаралық туристік форумы өтті. Елбасы Жолдауындағы міндеттерді және цифрландыру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған шараға туризм саласындағы отандық және халықаралық, атап айтқанда Қытай, Испания сияқты елдерден келген сарапшылар және өӊірлердегі туризм басқармаларыныӊ өкілдері қатысты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Форумда модератор болған облыстық туризм басқармасыныӊ басшысы Жанар Алчимбаеваныӊ шараныӊ мақсат-міндеттері туралы қысқаша хабарламасынан кейін сөз алған облыс әкімініӊ бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов "ZhetysuTravel" Халықаралық туристік форумыныӊ Талдықорғанда алғаш рет өтіп отырғанын атап өтіп, облыстыӊ туристік тартымдылығы, тамаша табиғаты жайына қысқаша тоқталып өтті.

- Бүгінгі шара еліміздіӊ, соныӊ ішінде облысымыздыӊ туристік әлеуетін арттыруға, инфрақұрылымын дамытуға өзініӊ зор ықпалын тигізеді деп ойлаймын. Мемлекет басшысы жақында жарияланған Жолдауында сырттан келетін және ішкі туризмді дамытуға ерекше көӊіл бөлуді және салалық мемлекеттік бағдарлама қабылдауды тапсырған болатын. Осы ретте мемлекеттік бағдарлама жобасына Алакөл көлініӊ жағалауы, Іле Алатауыныӊ тау кластері, Шарын шатқалы сияқты облыстыӊ ірі туристік рекреациялық аумақтарын дамыту бағытындағы ұсыныстар енгізіліп, жоспарлары әзірленіп жатыр, - деп атап өтті Л. Тұрлашов. Сөзін қорытындылай келе осы форум қызықты кездесу, мазмұнды пікіралмасу түрінде өрбіп, перспективалы идеялар мен бастамалардыӊтуындауына ықпал ететін айтулы шара болатындығына сенім білдірді.

Мұнан соӊ Қытай Халық Республикасы Мәдениет және туризм министрлігініӊ Орта Азиядағы өкілі Ван Шулинь аталмыш шараға шақырған ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, Қазақстан-Қытай арасындағы мәдени-туристік байланыстарды нығайту жайына тоқталды.

Өз кезегінде Қазақстан Туристік қауымдастығыныӊ атқарушы директоры, Қазақстандық қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығыныӊ президенті Рашида Шайкенова отандық туризмніӊ алдында тұрған бірнеше мәселені атап берді. "Халықаралық туризм нарығында бәсеке қабілетті болу үшін біз еӊ алдымен бұл салада бай тарихымызды, яғни Ұлы түрік өркениетін, мәдениетіміз бен салтымызды паш ете білуіміз керек", - деді Р. Шайкенова. Сонымен қатар білікті кадрлар даярлау, туристік нысандарды цифрландыруға жете мән беруді де алдыӊғы қатардағы мәселелерге жатқызды. Оныӊ айтуынша, бүгінгі күні отандық туристік нысандардыӊ тек 17 % ғана өз қызметтерін жарнамалау мен сату каналы ретінде интернет пен әлеуметтік желіні пайдаланып отыр. Яғни цифрландыруға кірісу туризмді дамытудыӊ негізгі бағыттарыныӊ бірі болуы тиіс.

Форумныӊ пленарлық отырысынан кейін шара панелдік сессиялармен жалғасуда. Онда туристік ұйымдар мен сала мамандары "Туристік өнімдерді ілгерілету құралдары", "Туристік өнімді цифрландыру: коммуникациялар" тақырыптарын талқылап жатыр.

Сондай-ақ форум аясында 20 қазанда Талдықорғандағы "Жастар" Спорт сарайында Қазақстан халықтары ұлттық асханаларыныӊ "Той қазан" VI фестивалі ұйымдастырылды. Оған қоса Zhetysu Travel орталығыныӊ ашылу салтанаты өтті.

Жалпы, Алматы облысына келетін туристер легі жыл сайын 20-30 % өсуде. Биылғы жылы Жетісу өӊіріне табан тірейтін туристер саны 2 миллионға жетеді деп күтіліп отыр. Бұл - өткен жылмен салыстырғанда 31,3 % өсім болады деген сөз. 2018 жылдыӊ қорытындысы бойынша көрсетілген туристік қызмет 10,0 млрд. теӊге шамасында болмақ. Соӊғы үш жылда туристік инфрақұрылымды дамытуға 15,7 млрд. теӊгемемлекеттік инвестиция бағытталған. Сонымен қатар жалпы құны 15,6 млрд. теӊге жеке инвестицияға салынған 102 туристерді орналастыру нысаны пайдалануға берілген.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны