21.07.2008, 14:40 1398

Талдықорғанда "Жол қозғалысының қауіпсіздігі үшін!" атты автожарыс басталды

Талдықорғанда "Жол қозғалысының қауіпсіздігі үшін!" атты автожарыс басталды

Алматы. 21 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Талдықорғанда "Жол қозғалысының қауіпсіздігі үшін!" атты автожарыс басталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Алматы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, науқан Талдықорған - Алматы - Тараз - Шымкент бағытындағы республикалық автожарыс аясында өткізіледі.

Автожарыс барысында шараға қатысушылар жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер жайлы түсініктеме жұмыстарын жүргізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны