24.01.2018, 15:04 4370

Талдықорғандағы мектептердіӊ бірінде пилоттық режимде "Кәсіпкерлік және бизнес негіздері" енгізілді

Талдықорған қаласыныӊ Шоқан Уәлиханов атындағы №10 мектеп-гимназиясында тәжірибе жүзінде "Кәсіпкерлік және бизнес негіздері" атты жаӊа пән оқытылуда. Сабақтар аптасына бір рет 10 сынып оқушылары үшін жүргізіледі. Пәнді енгізудегі басты мақсат - мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру, кәсіпкерлік қызметті жүргізуге дағдыландыру.

Астана. 24 қаӊтар. Kazakhstan Today - Алматы облысында оқушылар жаӊа пәнді оқып жатыр, деп хабарлайды "Атамекен" ҰҚП баспасөз қызметі.

Талдықорған қаласыныӊ Шоқан Уәлиханов атындағы №10 мектеп-гимназиясында тәжірибе жүзінде "Кәсіпкерлік және бизнес негіздері" атты жаӊа пән оқытылуда. Сабақтар аптасына бір рет 10 сынып оқушылары үшін жүргізіледі. Пәнді енгізудегі басты мақсат - мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру, кәсіпкерлік қызметті жүргізуге дағдыландыру.

"Пән пилоттық режимде оқытылып жатыр. Оныӊ қорытындысы бойынша алдағы уақытта өӊіріміздіӊ барлық мектептерінде енгізу жоспарланған. Оқушыларға білім беру процесіне мұғалімдермен қатар, кәсіпкерлер де қатысады. Бағдарлама бірнеше кезеӊдерге бөлінген, оқыту біртіндеп өткізіледі. Курс соӊына қарай мектеп түлектері кәсіпкерлік негіздері бойынша базалық білімдері қалыптасады", - дейді Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы Адами капиталды дамыту бөлімініӊ сарапшысы Ардак Качкарова.

Сарапшыныӊ айтуынша, теориямен қатар, тәжірибелік сабақтар түрлі кәсіпорындар негізінде өтеді. Табысты кәсіпкерлермен кездесу, шеберлік сыныптары ұйымдастырылады.

Кәсіпкерлік негіздері бойынша алғашқы сабақтардыӊ біріне Өӊірлік кәсіпкерлер палатасыныӊ бизнес-тренері Александр Кузнецов қатысты. Ол оқушылардыӊ қойған сауалдарына жауап берді.

""Қандай бизнес түрін ашсам болады және ақшаны қайдан аламын?" деген сұраққа былай жауап бергім келеді. Өзгелерден үздік меӊгерген, "қолымнан келеді" деген іспен айналысу керек және көрсетілетін қызметтіӊ сұраныс деӊгейін білу қажет. Сұраныс бар болған тұста тауарды немесе қызметті білетін болады, оны сатып алады және ісіӊіз өрге домалайды. Кәсіпті өз қаржыӊызға бастаған дұрыс. Ирине, бұл қиын болғанымен, еӊ тиімді жол болып саналады", - дейді маман.

Жаӊа пәнніӊ бағдарламасына экономикалық терминдер, бизнес-жоспарды әзірлеу, заӊды тұлғаны тіркеу, қаржылық есеп, бизнесті құқықтық реттеу сынды тақырыптар енген.

Алдағы кезеӊде Білім және ғылым министрлігі сынама пәнді еліміздегі барлық мектептер, колледждер мен ЖОО-лар бағдарламасына енгізуді жоспарлап отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны