17.09.2009, 14:18 2646

Талдықорғандағы облыстық наркологиялық диспансердегі өрттен қаза тапқан тағы бір адамның мәйіті табылды

Талдықорғандағы облыстық наркологиялық диспансердегі өрттен қаза тапқан тағы бір адамның мәйіті табылды

Талдықорған. 17 қыркүйек. Kazakhstan Today - Кеше жедел-тергеу шаралары барысында Талдықорғандағы облыстық наркологиялық диспансердің жанып кеткен үйінділерінің астынан қаза тапқандардың тізіміне кірмеген тағы бір ер азаматтың денесі табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Мәйіт 1,5 метрлік үйіндінің астында, шамамен диспансердің бұрынғы оқшаулау бөлмесінің орнында табылып отыр. Мәйіт қазір сот-медициналық сараптамасын және тану шараларын жүргізу үшін мәйітханаға жіберілген.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, комиссия құқық қорғау органдарына аталмыш дерек бойынша егжей-тегжейлі тексеру жүргізуді тапсырды.

Осыдан бір күн бұрын облыстық аурухананың бөлімінде жасалған барлық жан сақтау шараларына қарамастан, 1973 жылы туған Талғат Мамырбекұлы Қабдолқасымов қайтыс болды. Осылайша, өрт салдарынан қаза болғандардың саны 39 адамға жетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны