10.02.2011, 13:26 3614

Талдықорғаннан заңсыз жұмыс істеп жүрген еңбек мигранттары шығарылуда

Талдықорғаннан заңсыз жұмыс істеп жүрген еңбек мигранттары шығарылуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Талдықорған. 10 - ақпан. Kazakhstan Today - Талдықорғаннан заңсыз жұмыс істеп жүрген еңбек мигранттары шығарылуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Талдықорған қаласының прокуратурасы көші-қон заңнамасының орындалуына, ҚР аумағына шетел адамдарының келу тәртібін тексеру барысында уәкілетті органдардың сәйкес шешімінсіз шетел адамдарын жұмысқа тартуға қатысты фактілерді анықтады.

Талдықорған прокуроры Бауыржан Сауғабаевтың айтуынша, "LZ" ЖШС-сын (металл құрылымдарын шығарумен айналысатын зауыт) тексеру барысында уәкілетті органның тиісті шешімінсіз жұмыс істеп жүрген Қытай Халық Республикасының бес азаматы ұсталды.

Қалалық прокуратураның талабымен Талдықорған қаласы ІІБ көші-қон полициясының бөлімі әкімшілік іс қозғады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны