09.09.2015, 15:31 2889

Талдықорғанныӊ әкімі ғарышкер Айдын Айымбетовты қала күнін мерекелеуге шақырды.

Бүгін Талдықорған қаласыныӊ әкімі Ермек Алпысовқа ғарыштан телефон шалынды. Бұл туралы қала басшысы әлеуметтік желідегі өзініӊ ресми парақшасында жариялады

Талдықорған. 9 қыркүйек. Kazakhstan Today - Талдықорған әкімі ғарышкер Айдын Айымбетовты қала күнін мерекелеуге шақырды.

Бүгін Талдықорған қаласыныӊ әкімі Ермек Алпысовқа ғарыштан телефон шалынды. Бұл туралы қала басшысы әлеуметтік желідегі өзініӊ ресми парақшасында жариялады, деп хабарлады Kazakhstan Today.

Талдықорған қаласы әкімініӊ баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкелдіӊ айтуынша, танымал жерлесімен әӊгіме барысында Ермек Алпысов талдықорғандықтар өздерініӊ ғарышкер жерлесін мақтан тұтатынын атап көрсетті.

"Айдын Аимбетов барлық талдықорғандықтарға жалынды сәлемін жолдады, МКС иллюминатордан Жетісудыӊ барлық сұлулығы айқын көрінетінін көрсетті. Тіпті ғарышта да меніӊ түсіме жер енеді, - деп бөлісті өз жазылушыларымен Алпысов. Сонымен қатар әӊгіме кезінде қала басшысы ғарышкерді қала күнін мерекелеуге шақырды. Айдын Айымбетов жерге оралғаннан кейін оған бейімделу курсынан өту қажет болатынын жеткізгені хабарланды. Сонымен бірге ғарышкер 26 қыркүйекте қала күніне арналған мерекелік негізгі ісшараларға келуге тырысатынын атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны