30.07.2015, 15:54 3193

Талдықорғанныӊ әкімі құрылыс мердігерлерініӊ бірқатар кемшіліктерін сын садағына алды

Талдықорған қаласыныӊ әкімі Ермек Алпысов облыс орталығындағы бірқатар әлеуметтік және мәдени нысандардыӊ жұмысымен танысып құрылыс мердігерлерініӊ жұмысында бірқатар кемшіліктерді анықтады.

Талдықорған. 30 шілде. Kazakhstan Today - Талдықорған қаласыныӊ әкімі Ермек Алпысов облыс орталығындағы бірқатар әлеуметтік және мәдени нысандардыӊ жұмысымен танысып құрылыс мердігерлерініӊ жұмысында бірқатар кемшіліктерді анықтады.

Икімніӊ баспасөз қызметініӊ мәлімдеуінше қала басшысы өзініӊ жұмыс сапарын жол жиектері мен жарық бағандары жаӊартылып жатқан әуежайдан Еркін ауылына дейінгі жол инспекциясынан бастады, - деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Аталған аумақ Алматы-Өскемен және кері бағыт бойынша күн сайын мыӊдаған автөліктер жүріп өтетін негізгі көлік торабы болып табылады. Жол төсемі мен жарықтыӊ сапасы көлік қауіпсіздігін құрайтын элементтердіӊ бірі, - деген әкім жүргізіліп жатқан жұмыстыӊ маӊыздылығын атап көрсетті.

Сонымен қатар қала басшысы "Жастар" паркін және қала бойынша орналастырылатын екі жаӊа гүлзарларды жаӊғырту бойынша жұмыстардыӊ барысымен танысты.

Алпысов Еркін ауылындағы 300 орындық шағын орталығы бар мектеп пен сонымен қатар қаланыӊ шығыс және солтүстік-батыс шағын аудандарындағы 320 және 280 орындық екі балабақша құрылысын барысын ерекше назар аударғаны хабарланды. Сонымен қатар әкім қаланыӊ оқушылар сарайы, жастарды қолдау орталығы мен бірнеше көп қабатты үйлердіӊ құрылысы жүріп жатқан оӊтүстік-батыс ауданындағы бірқатар нысандарды аралап шықты.

Баспасөз қызметініӊ хабарлауынша инспекция барысында қала әкімі мердігер ұйымдардыӊ жұмысына бірқатар кемшіліктерін атап көрсетіп, қысқа мерзім ішінде оларды жөндеуге тапсырма берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны