14.04.2019, 23:42 28652

Талдықорғанда дүниеге келген үшемге үш бөлмелі үйдің кілті берілді

Перинаталдық орталық мамандарының айтуынша, сәбилердің де, анасының денсаулығының жақсы. "Нәрестелер 2.300, 2.100 және 1.750 кг салмақпен дүниеге келген. қазір жағдайлары жақсы, дамуы қалыпты", - дейді дәрігерлер.

Талдықорған. 14 сәуір. Kazakhstan Today - Талдықорғандағы облыстық перинаталдық орталықта Бауберіковтер әулетінде дүниеге келген үшемнің отбасына үш бөлмелі тұрғын үйдің кілті сыйға тартылды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Дүниеге келгендеріне бүгін тура 1 ай болған сәбилер -Алима, Алиша, Альмираны құттықтауға облыс әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиев келіп, Бауберіковтар әулетінеоблыс әкімі Амандық Баталовтың сәлемін жеткізді. Сәбилердің әкесі Дәуреннің қолына Талдықорғандағы коттеджді қалашықтан 3 бөлмелі үйдің кілтін табыстап, нәрестелерге арналған қол арба, ойыншықсияқты сый-сияпаттарын қоса ұсынды.

- Үшемнің дүниеге келуі - үлкен қуаныш. Әр баланың өз ризығы бар. Бүгінгі күні Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кемел саясатының арқасында әлеуметтік мәселелерге жете көңіл бөлініп, халықтың өсімі артып келеді. Үшемнің өмірге келуі Талдықорғанда осыдан 11 жыл бұрын болған екен. Енді, міне, биылғы жылы осындай зор қуанышқа кенеліп отырмыз. Сондықтан бұл үлкен оқиғаны елеусіз қалдырмай, облыс әкімі Амандық Баталов үш сәбидің ата-анасына тұрғын үй кілтін әкеліп тапсыруды маған жүктеді. Балалар үлкен азамат болып өсіп, қуаныштарыңыз ұзағынан болсын, - деп тілегін білдірді облыс әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиев.

Қуанышқа ортақтасып келгендерге ризашылығын білдірген сәбилердің әжесі Рая Есмұратқызы дәрігерлердің атына да жылы лебізін жеткізді.

- Үшемге жүкті екенібелгілі болғаннан бастап Еңлікперинаталдық орталықтың директоры Қанат Жұмашев бастаған білікті дәрігерлердің ерекше бақылауына алынып, күтім жасалды. Алматыға да, басқа үлкен қалаларға да мойын бұрмай, өз мамандарымызға сенім арттық. Шағын қала Талдықорғанның медицинасында да мықты кадрлар топтасқанына көзіміз жетіп, Алла шүкір, бүгін осындай қуанышты күнге куә болып отырмыз. Әлеуметтік саланың дамуына жағдай жасаған ел басшыларына, облыс жетекшілеріне шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Біздің жолымызды кейінгі жастарға беріп, өсіп-өне берсін, - деді Рая әже.

Осы сәтте облыс әкімі Амандық Баталов Дәуренмен, Еңлікпен телефон арқылы сөйлесіп, ізгі тілегін жеткізіп, жақсылық тіледі.

Алима, Алиша, Альмира - Дәурен Серікұлы мен Еңлік Қайсарованың отбасының тұңғыштары. Дәурен шағын кәсіппен айналысса, Еңлік - қаладағы № 12 мектепте мұғалім. Олар болашақта қыздары дәрігер болса деп армандайды. Және осымен тоқтап қалмай, алдағы уақытта тағы да балалы болуды қалайтындарын айтты.

Перинаталдық орталық мамандарының айтуынша, сәбилердің де, анасының денсаулығының жақсы. "Нәрсетелер 2.300, 2.100 және 1.750 кг салмақпен дүниеге келген. қазір жағдайлары жақсы, дамуы қалыпты", - дейді дәрігерлер.

Үшемге берілген үш бөлмелі тұрғын үй Талдықорғандағы жаңадан салынған коттеджді қалашықтан кілті тапсырылған ең алғашқы үй екенін атап өтуге болады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны