16.10.2008, 19:20 3112

Талғат Донақов Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды

Талғат Донақов Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды

Астана. 16 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Талғат Донақов Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Талғат Советбекұлы Донақов Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Сондай-ақ, мемлекет басшысының өкімдерімен Донақов Талғат Советбекұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды;

Шалабаев Сейітжан Диханбекұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны