03.12.2015, 10:40 4148

Таӊ қараӊғысын жамылған екеу

Бүгін, таӊғы 5сағат 15-тер шамасында, түн қараӊғылығы әлі тарқамай тұрған уақытта "Петропавл" шекара отрядыныӊ "Булаево" шекара комендатурасына қарасты "Қарақоға" шекара заставасыныӊ шекара наряды өздерінен едәуір қашықтықтағы теміржол бойымен өтіп бара жатқан пойыздыӊ терезелерінен түскен жарықтан Қазақстанда орналасқан Қарақоға ауылынан Ресейдіӊ Юнино елді мекеніне қарай жаяу кетіп бара жатқан екі адамныӊ сұлбасын аӊғарып қалды.

Астана. 3 желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін, таӊғы 5сағат 15-тер шамасында, түн қараӊғылығы әлі тарқамай тұрған уақытта "Петропавл" шекара отрядыныӊ "Булаево" шекара комендатурасына қарасты "Қарақоға" шекара заставасыныӊ шекара наряды өздерінен едәуір қашықтықтағы теміржол бойымен өтіп бара жатқан пойыздыӊ терезелерінен түскен жарықтан Қазақстанда орналасқан Қарақоға ауылынан Ресейдіӊ Юнино елді мекеніне қарай жаяу кетіп бара жатқан екі адамныӊ сұлбасын аӊғарып қалды. Шекара нарядыныӊ назарына іліккен кезде таӊғы шекара бұзушылар шекара сызығына 4-5 метр жақындап қалған болатын, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Біздіӊ елдіӊ шекарашылары оларды тоқтатып үлгермейді. Сондықтан уақыт оздырмай, сағат 05.25-те Ресей шекарашыларына хабар берілді. Арада он бес минут уақыт өткенде шекара наряды көршілердіӊ аумағынан жерге жарық беретін құралдардыӊ іске қосылғандығын бақылады. Бұл іздестіру шараларыныӊ басталып кеткендігініӊ белгісі еді. Көп ұзамай Ресей Федералдық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметініӊ Омбы аумағы бойынша кезекшісінен екі шекара бұзушыныӊ қолға түскендігі туралы жауап келіп жетті. Олардыӊ біреуі ресейлік, екіншісі қазақстандық екен.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны