16.06.2015, 09:46 3434

Танымал эстрада жұлдызы Жанна Фриске 41 жасқа қараған шағында өмірден озды

Ресейдіӊ танымал эстрада жұлдызы Жанна Фриске 41 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Инші соӊғы бір жарым жыл қатерлі дертпен арпалысты

Астана. 16 Маусым. Kazakhstan Today - Ресейдіӊ танымал эстрада жұлдызы Жанна Фриске 41 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Инші соӊғы бір жарым жыл қатерлі дертпен арпалысты, алайда айыға алмады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Оныӊ миында ісік бары былтыр жыл басында анықталып, кеселге қарсы операцияға дүйім жұрт ақша жинаған еді. Нью-Йоркте ем-дом қабылдаған орындаушыныӊ өміріне дәрігерлер араша түсе алмады, деп хабарлайды khabar.kz тілшісі.

Айта кетейік, Жанна Фрискеніӊ есімі жалпақ жұртқа "Блестящие" тобы арқылы етене таныс. Ал 2003 жылдан бастап жеке-дара әнші болып өнер көрсете бастаған болаты

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны