20.01.2015, 20:42 4569

Танымал кәсіпкер Бауыржан Асаубаев жол-көлік оқиғасынан қаза тапты

Жол апаты 20 қаӊтар күні сағат 08:00-де "Жамбыл ауданыныӊ Ұзынағаш ауылыныӊ маӊындағы "Алматы-Бішкек" күре жолыныӊ 99-шы шақырымында орын алған

Талдықорған. 20 қаӊтар. Kazakhstan Today - Алматы облысында болған жол-көлік оқиғасыныӊ салдарынан "Altyn Group Kazakhstan" ЖШС-ніӊ теӊ иесі Бауыржан Асаубаев қаза тапты, деп хабарлады аймақтық ІІД-нен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жол апаты 20 қаӊтар күні сағат 08:00-де "Жамбыл ауданыныӊ Ұзынағаш ауылыныӊ маӊындағы "Алматы-Бішкек" күре жолыныӊ 99-шы шақырымында орын алған, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Алдын ала нұсқа бойынша, LX-570 жол талғамайтын көліктіӊ жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдыӊ қарсы жолағына шығып, онда Қытайда жасалған краны бар жүк көлігімен соқтығысты.

Жол апатыныӊ салдарынан джиптіӊ жолаушысы 1970 жылғы Бауыржан Асаубаев көз жұмды, оныӊ жүргізушісі, 1984 жылы дүниеге келген Руслан Мұсақұлов Ұзынағаш ауылыныӊ ауруханасына жеткізілді. Оныӊ бас миы шайқалып, бас сүйек-миы зақымданған.

Жүк көлігін Алматы облысыныӊ 1961 жылғы тұрғыны жүргізген.

Қаза тапқан Бауыржан Асаубаев танымал қазақстандық бизнесмен, "Altyn Group Kazakhstan" ЖШС-ніӊ иелесі болды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны