13.07.2016, 20:18 4095

Танымал режиссер "ақша бопсалады" деп айыптаған Мәдениет министрі Алматыдағы кездесуге келмей қалды

Министр мен режиссер арасындағы үлкен жанжал! Танымал режиссер Талғат Жәнібеков Мәдениет министрін "ақша бопсалады" деп айыптады. "Феникс" фильмі авторыныӊ айтуынша, Арыстанбек Мұхамедиұлы түсірілім жұмыстарын аяқтау үшін бақандай 100 мыӊ доллар талап етіпті. Оны тауып бере алмаған соӊ фантастикалық триллердіӊ түсірілімі біржолата тоқтап, әртістері тентіреп қалды дейді режиссер.

Алматы. 13 шілде. Kazakhstan Today - Министр мен режиссер арасындағы үлкен жанжал! Танымал режиссер Талғат Жәнібеков Мәдениет министрін "ақша бопсалады" деп айыптады. "Феникс" фильмі авторыныӊ айтуынша, Арыстанбек Мұхамедиұлы түсірілім жұмыстарын аяқтау үшін бақандай 100 мыӊ доллар талап етіпті. Оны тауып бере алмаған соӊ фантастикалық триллердіӊ түсірілімі біржолата тоқтап, әртістері тентіреп қалды дейді режиссер. Тұӊғышбай Жаманқұлов бастаған шығармашылық топ бүгін қолға түспейтін министрді Алматыдағы кинематографистер жиынына іздеп барды. Киноныӊ қиын жағдай қозғалған осы басқосуда басқа да талай түйткіл ашық айтылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақ киносыныӊ премьерасы секілді ілуде бір болатын киногерлердіӊ басқосуы бұл. Жиында Парламент құрылғалы қолына ұстап көрмеген "Кино туралы" Заӊныӊ жобасы талқылануда. Қазақ мәдениеті үшін аса маӊызды жиналысты министрдіӊ өзі жүргізуі керек болған. Бірақ ол бұл жолы да төбе көрсетпеді, деп хабарлайды www.ktk.kz тілшісі.

Ақтоты Райымқұлова, ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ департамент директоры:

-Министрдіӊ өзі келу керек еді, бірақ өздеріӊіз білесіздер, бүгін сәрсенбі жұмыс күні. Сағат 11-де Үкіметтіӊ отырысы бар. Ал әрбір министр Үкіметтіӊ отырысында болу керек.

Оны да сұрап білдік. Сөйтсек, Үкіметте бүгін ешқандай жиын болмаған. Соған қарағанда, министрдіӊ кинематографистермен кездесуге келмей қалу себебі - киногер Талғат Жәнібековпен арадағы жанжал болуы мүмкін. "Феникс" атты фантастикалық фильмін түсіріп біте алмай жатқан режиссер оған Арыстанбек Мұхамедиұлын кінәлауда. Айтуынша, шенеунік киноныӊ жарық көруі үшін конвертпен қомақы қаржы сұратыпты.

Талғат Жәнібеков, режиссер:

-Министр "кино түсіргіӊ келсе кабинетіме конверт алып кіресіӊ" деп сенімді адамынан сәлемдеме айтып жіберді. Талап еткен қаржыныӊ көлемі 100 мыӊ доллар.Ондай ақша менде жоқ. Енді іс бітпей, сабылып жүрмін. Мәдениет министріміз біздіӊ осындай!

Тек Қазақстанда ғана емес, АҚШ-та да прокатқа шығуы тиіс отандық киноға халық әртісі Тұӊғышбай Жаманқұлов та түсіпті. Басты рөлдердіӊ бірін сомдаған белгілі актер "ақша бопсалады" деп айыпталып жатқан Мәдениет министрінен ақылға келуін сұрап отыр.

Тұӊғышбай Жаманқұлов, ҚР Халық артисі:

-Өкінішті. Өнерпаздардыӊ қанатын қию, арманын тәрк ету. Керек десеӊіз қаттырақ айтсақ қылмыс, ал жұмсағырақ айтсақ ұятты нәрсе.

Тек министрлік өзіне шаӊ жуытар емес. Керісінше, абыройлы адамныӊ арына дақ түсірді деп министрді масқара қылған режиссермен соттаспақшы.

-Нету таких потратили 390 млн, заработали 73! Нету такого, понимаете?!

Сөйтсек, жартылай түспей қалған кинолар ғана емес, қоржынымызда қыруар қаржы жұмсалып, бірақ өзін ақтамаған кинолар да жетіп артылады екен.

Мәселен, жылдыӊ үздігі танылған "Шал" фильміне бюджеттен 386 млн 400 мыӊ теӊге жұмсалса, тек 73 млн теӊгесі қайтқан. Ал 99 млн теӊге жұмсалған "Келін" кинофильмі тек 5-ақ млн тауыпты. 2 млрд.-тан артық ақша шашылған атышулы "Жау жүрек мыӊ бала" фильмі 122 млн пайда әкелген.

Одан қалды, мемлекеттік тапсырыспен жылда миллиондаған қаржыға түсірілетін 15 шақты киноныӊ барлығы "Қазақфильмде" шаӊ басып жатыр. Өйткені, елдегі 96 кинотеатрдыӊ біреуі де оларды көрсеткісі жоқ. Ал министр мен режиссер арасындағы қып-қызыл жанжалдыӊ әзірге немен аяқталары белгісіз. Басын бәске тіккен киногер Талғат Жәнібеков ақиқат сөзден басқа қолында басқа айғақтыӊ жоғын айтады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны