12.03.2015, 17:57 3745

Танк биатлоны бойынша "Шығыс" өӊірлік қолбасшылығыныӊ чемпиондары анықталды

Аягөз гарнизоны 10810 әскери бөлімініӊ базасындағы "Майлино" полигонында "Шығыс" өӊірлік қолбасшылығы командалары танк экипаждарыныӊ арасында танк биатлонынан чемпионат өтті

Астана. 12 наурыз. Kazakhstan Today - Аягөз гарнизоны 10810 әскери бөлімініӊ базасындағы "Майлино" полигонында "Шығыс" өӊірлік қолбасшылығы командалары танк экипаждарыныӊ арасында танк биатлонынан чемпионат өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Барлық жүлделі орындарды (1-3 орындарды) 10810 әскери бөлімініӊ танкшілері жеӊіп алды. Өскемен қаласындағы 27943 әскери бөлімініӊ танк экипажы 4-орынды иеленді. Жеӊімпаздарға медальдар, дипломдар және естелік сыйлықтар табыс етілді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Жеӊімпаздар танк биатлоны бойынша ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерініӊ ауқымында өтетін жарысқа дайындалатынын атап өткен жөн.

Жаттығу барысында әр танк экипажы өз шеберлігін барынша көрсетуге тырысады. Олар үшін еӊ бастысы үйлесімділік. Сондықтан берілген бағытты жылдам бағындырумен қатар 900-ден 2 200 метрге дейінгі қашықтықта орналасқан түрлі нысананы дәл көздеу тек үйлесімді жұмыстыӊ және әр экипаж мүшесініӊ (танк командирі, дәлдеуші-оператор, жүргізуші-механик) жеке және ортақ міндетті түсінуініӊ арқасында іске асады.

Естеріӊізге сала кетсек, "Танк биатлоны - 2015" биыл жазда Мәскеу маӊындағы "Алабино" оқу-жаттығу кешенініӊ базасында өтеді. Жарыс шеӊберінде танкистер төрт кезеӊді де (жеке жарыс, спринт және із кесу жарысы, спорттық кезеӊ, эстафета) сәтті аяқтауы қажет.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны