24.02.2015, 14:32 4444

Танктік биатлон федерациясыныӊ президенті сайланды

Бүгінгі таӊда танктік биатлон әлемдік ауқымды игеріп келеді. Жарыстыӊ бұл түрі Қазақстанда да қарқынды даму үстінде. Атап айтқанда,таяуда танктік биатлон ұлттық федерациясы құрылды

Астана. 24 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгінгі таӊда танктік биатлон әлемдік ауқымды игеріп келеді. Жарыстыӊ бұл түрі Қазақстанда да қарқынды даму үстінде. Атап айтқанда,таяуда танктік биатлон ұлттық федерациясы құрылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қарулы Күштердіӊ Ардагерлері" Республикалық қоғамдық бірлестігініӊ жиналысында танктік биатлон ұлттық федерциясын құруға дайындық туралы шешім қабылданған болатын. Федерацияныӊ президенті лауазымына көп дауыс жинаған запастағы полковник Нышан Күзербаев сайланды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Қазіргі таӊда Ресейдегі "Алабино" оқу-жаттықтыру кешенініӊ базасында тамыз айында өтетін "Танктік биатлон - 2015" даярлық ауқымында танктік экипаждар жиындары өткізілуде.

Танктік экипаждарға даярлық Қазақстанныӊ Аягөз, Отар, Ақтау және Сарыөзек сияқты түрлі аймақтарында өтуде.

Қазақстандық әскери қызметшілер өздерініӊ нәтижелерін жақсарту және жүлделілер қатарына қайта кіру мақсатында тәжірибелік дағдыларын жетілдіруде.

Наурыз айында жиындардыӊ қорытынды кезеӊі өтеді. Көрсеткен нәтижелері бойынша үш үздік танктік экипаж іріктеліп алынып, олардан Танктік биатлон бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ құрамасы құрылады. Еліміздіӊ командасы Үндістан және Қытай командаларымен бірге жаттығуға қатысып, одан кейін шешуші халықаралық жарысқа аттанады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны