14.02.2008, 16:47 2793

Таратылған "Валют-Транзит" банкінің бүгінге белгіленген мүліктерін сату шарасы жүзеге асырылған жоқ

Таратылған "Валют-Транзит" банкінің бүгінге белгіленген мүліктерін сату шарасы жүзеге асырылған жоқ

Қарағанды. 14-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Таратылған "Валют-Транзит" банкінің бүгінге белгіленген мүліктерін сату шарасы жүзеге асырылған жоқ. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне тарату комиссиясының бас маманы Виктория Обухова хабарлады.

В. Обухованың айтуынша, бір де бір өтініш келіп түспеген. Жалпы сомасы 1 млн 57 мың теңгенің 6 лоты саудаға қойылған болатын

"Онда негізінен жойылған банктің жиһаздары: жеңіл бұрыштамалар, дивандар кірген", - деді комиссияның бас маманы.

Тарату комиссиясының ақпаратына сүйенсек, енді сауда күн сайын немесе күн аралатып өткізілетін болады. Ертең жылжымайтын мүліктер де саудаға шығарылмақ. Бұл Абай, Топар және Қарағанды қалаларының орталығында орналасқан кассалық есептеу бөлімдері. Саудаға шығарылатын 6 лоттың бағасы 55 млн 24 мың 690 теңгені құрап отыр.

"Бұған да осыған дейін бір де бір өтініш келіп түспесе де, ертең сауда әйтеуір өтеді деген үміттеміз. Себебі, бұл жиһаз емес қой", - деді В. Обухова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны