18.11.2019, 19:29 21275

Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы пара алды деген күдікке ілінді

Ол азаматтан атаулы әлеуметтік көмек алуға жәрдемдескені үшін 199 500 теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.

Алматы. 18 қараша. Kazakhstan Today - Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы пара алды деген күдікке ілінді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Жамбыл облысы бойынша ҰҚК-мен бірлесіп, сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманын әшкереледі.

Ол азаматтан атаулы әлеуметтік көмек алуға жәрдемдескені үшін 199 500 теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.

Күдікті мен оның қорғаушысының сотқа дейінгі тергеуді жедел өткізуге өтініші мен келу туралы жазбаша міндеттеме беруіне байланысты күдіктіге қатысты процессуалдық қамау қолданылмады.

Күдіктінің кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығаратын болады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны