22.01.2014, 19:17 35351

Тараз қаласында 2014 жылы "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы аясында 2 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі

2014 жылы "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы аясында Таразда 2 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Жамбыл облысының ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі.

Алматы. 22 қаңтар. Kazakhstan today. 2014 жылы "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы аясында Таразда 2 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Жамбыл облысының ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі.

"Сондай-ақ Жамбыл облысының бірнеше ауданында тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын жүргізу көзделуде. Бүгінде "Қолжетімді баспана-2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында көптеген жамбылдықтар жайлы пәтерлерге қол жеткізді.

Барлығы өңірде 2020 жылға дейін 2 млн 8 мың шаршы метр баспана соғу жоспарланған", - делінген хабарламада.

Ал, биыл Таразда 7 мың 700 шаршы метрді құрайтын 2 көпқабатты тұрғын үй қолданысқа берілмек. Бұдан басқа коттедждер салуды қаржыландыру мәселесі де қарастырылатын болады.

Сондай-ақ, алдағы уақытта моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында Қаратау, Жаңатас қалаларындағы көпқабатты үйлер қалпына келтіру жұмыстары өз жалғасын табатын болады. Ал, күрделі жөндеуден өткен баспаналар жас мамандар мен жас отбасыларға үлестіріледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны