09.02.2010, 16:01 3561

Таразда әскерилер балаларды өрттен құтқарды

Таразда әскерилер балаларды өрттен құтқарды

Астана. 9 ақпан. Kazakhstan Today - Таразда ҚР ІІМ ішкі әскерлерінің №5513 бөлімшесінің әскерилері үш баланы өрттен құтқарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР ІІМ ішкі әскерлерінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Тараз көшесіне патрульге шыққан әскерилер көппәтерлі үйдің үшінші қабатынан шығып жатқан өрт туралы айқайды естиді. Искерлер тиісті орындарға хабар береді. Отқа оранған үйде үш бала қалып қойған болып шықты. Батылдық танытқан әскерилер жанып жатқан пәтердің есігін бұзып кіріп, балаларды қауіпсіз жерге алып шықты. Бұдан кейін олар өз күштерімен өртті сөндірді", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Құтқарылған балалардың анасы Гүлзахира Ибдезова кіші сержант Илімбек Байтуовқа, қатардағы жауынгерлер Айбар Сағынғалиев пен Зәмірбек Машаевқа және бөлімшенің қолбасшылығына балалардың өмірін сақтап қалғаны үшін алғысын айтты", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Искерилер қызметті қырағылықпен атқарып, міндетін адал әрі мұқият орындағаны үшін №5513 әскери бөлімшенің командирінің және ҚР ІІМ ішкі әскерлерінің қолбасшылығы атынан марапаттауға ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны