04.07.2008, 18:18 3696

Таразда дарынды балаларға арналған мектепте үш тілге оқыту қорытындысы шығарылды

Таразда дарынды балаларға арналған мектепте үш тілге оқыту қорытындысы шығарылды

Тараз. 4 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Таразда дарынды балаларға арналған мектепте үш тілге оқыту қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі мектеп директоры Маржан Ибдірайымоваға сілтеме жасап.

2007 - 2008 оқу жылының қорытындысы бойынша мектеп әкімшілігі арнаулы мектепте қалатын оқушылар мен басқа мектептерге ауысуға мәжбүр болатын оқушылар туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде оқу есебі "4" пен "5" болған 564 оқушы осында қалып, ойдағыдай табысқа жете алмаған 181 оқушы қаладағы басқа мектептерге ауысатын болды. Соңғыларының ата-аналары онымен келіспейді, олар шешімді әділетсіз деп бағалап, наразылық білдіруде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны