26.12.2007, 17:28 3601

Таразда кардиохирургия орталығы ашылды

Таразда кардиохирургия орталығы ашылды

Тараз. 26-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Таразда кардиохирургия орталығының салтанатты ашылуы болды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, "орталықтың құрылысы үстіміздегі жылдың қаңтарында Т. Рысқұлов атындағы шипажай базасында басталған болатын. Кеше орталық өз жұмысын бастады".

"Орталық академик, кардиохирург Сейітхан Жашыбаевтің басқаруымен жұмыс істейді. Емдеу мекемесі 20 орынға арналған, жансақтау бөлімшесінде тағы 3 орын бар. Жүрекке жылына 500 операция істеу жоспарлануда",- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

"Орталық диагностика жасау және жүрекке түрлі операциялар істеуге арналған ең заманауи құрылғылармен жабдықталған",- деді кардихирург Сейітхан Жашыбаев.

Сонымен қатар, облыстық әкімшіліктің мәліметтеріне сүйенсек, "бүгін орталықта Қызылордадан келген 41 жасар әйелдің жүрегіне алғашқы операция жасалған. Операция сәтті өтті".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны