01.12.2016, 12:14 3967

Таразда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орай достық мерекесі атап өтілді

Халықтар арасындағы достық - бұл қазақстандықтардыӊ ешбір қиындықтарға қарамастан сақтап қалған Тәуелсіз еліміздіӊ басты игілігі.

Тараз. 1 желтоқсан. Kazakhstan Today - Халықтар арасындағы достық - бұл қазақстандықтардыӊ ешбір қиындықтарға қарамастан сақтап қалған Тәуелсіз еліміздіӊ басты игілігі.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орай "Родонеж" орыс қауымдастығыныӊ, "Айнұры" татар-башқұрт, "Вайнах" шешен-ингуш, "Архыз" қарашай-балқар этномәдени бірлестіктерініӊ ұйымдастыруымен "Жүсіп Баласағұн" атындағы орталық концерт залында достық мерекесіне айналған үлкен іс-шара өтті. Оған әртүрлі ұлт өкілдері қатысты,- деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімі аппаратыныӊ "Қоғамдық келісім" КММ баспасөз-қызметі.

Бұл күні сахнада орыс, татар, шешен тілдерінде түрлі әндер мен халық билері орындалды. Олар Қазақстан жері мен еліне деген шексіз махаббатын, елімізде тұрып жатқан халықтар арасындағы достық пен келісімді шырқады.

"Бұл біздіӊ Тәуелсіздігіміздіӊ 25 жылдығына орай ұйымдастырылған алғашқы іс-шарамыз. Мұнда біз қазақстандықтардыӊ басты игілігі - халықтар арасындағы достығымызды көрсеткіміз келді", - деп атап өтті "Родонеж" орыс қауымдастығыныӊ төрайымы Светлана Чаутина.

Достық мерекесінде көршілес Қырғызстаннан қонақтар келді. Бішкек қаласынан келген "Архыз" қарашай-балқар би ансамблі аязды күнді өздерініӊ кавказдық темпераментімен әсерлі биін орындап көрермендердіӊ ыстық ықыласына бөленді. Бұл биден әсер алғаны соншалық, "Вайнах" шешен-ингуш этномәдени бірлестігініӊ төрағасы Рамзан Магамадов та ансамбль бишілерімен билеп кетті. Залда отырған көрермендер қол соғып, қошеметке бөледі.

Мереке мәресіне жетті. Көрермендер де, қатысушылар да көтеріӊкі көӊіл күймен, мерекеден алған әсерлерімен бөлісті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны