03.01.2008, 16:55 3011

Таразда "Қазмұнайгазмонтаж" АҚ жамбылдық бөлімшесінің жұмысшылары ереуіл өткізді

Таразда "Қазмұнайгазмонтаж" АҚ жамбылдық бөлімшесінің жұмысшылары ереуіл өткізді

Тараз. 3 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Таразда "Қазмұнайгазмонтаж" АҚ жамбылдық бөлімшесінің жұмысшылары ереуіл өткізді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Жиырма үш адам кәсіпорынның әкімшілік ғимаратының дәліздеріне кіріп алды. Ереуілге қатысқандардың сөздеріне қарағанда, мұндай шараға олардың баруына жұмыс берушілер тарапынан 3 айлық еңбек ақыларының төленбегені түрткі болған. "Еңбек ақының уақтылы беруілмеуі жиілегендіктен, осындай шара арқылы талап етуге тура келеді ", - деп хабарлады "Қазмұнайгазмонтаж" АҚ жамбылдық бөлімшесінің жұмысшылары.

"Біздердің алған несиелеріміз бар, оларды өтеу керек. Еңбекақыларымыз берілмейінше, ереуіл өткізе береміз", - деді "Қазмұнайгазмонтаж"АҚ жұмысшыларының бірі.

"Қазмұнайгазмонтаж" АҚ жамбылдық бөлімшесінің басшылығы болған жағдайды түсіндіруден бас тартты. Кәсіпорынның заңгері Абзал Өтебаев түсіндіргеніндей, еңбекақының уақтылы төленбеуіне "Қазмұнайгазмонтаж" АҚ тарапынан орындалған жұмыстарына 48 млн теңгені аудармаған тапсырыс берушілер кінәлі. Оның сөздеріне қарағанда, тапсырыс берушілермен жасалған келісім-шарт бойынша, олар 2007 жылдың 29 желтоқсанына дейін барлық ақшаны төлеуі керек. Алайда, ақша осы күнге дейін аударылмағандықтан, жұмысшылардың еңбекақылары да төленбей отыр.

"Қазмұнайгазмонтаж" Жамбыл облысында 2002 жылдан бері жұмыс істеуде. Кәсіпорын мұнай және газ магистральдерің құбыр желілерін орнатумен айналысады. Жұмыс өте қиын жағдайда орындалады. Айлық еңбек ақы мөлшері 60 мың теңгені құрайды. Бұл Жамбыл облысы бойынша жоғары айлық деп саналады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны