08.04.2010, 10:36 2889

Таразда Киров су қоймасының тоғаны бұзылды деген жалған қауесетке байланысты халық қаладан өз бетімен қаша бастаған

Таразда Киров су қоймасының тоғаны бұзылды деген жалған қауесетке байланысты халық қаладан өз бетімен қаша бастаған

Тараз. 8 сәуір. Kazakhstan Today - Таразда Киров су қоймасының тоғаны бұзылды деген жалған қауесетке байланысты халық қаладан өз бетімен қаша бастаған, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Кеше кешкі сағат 8 шамасында қалада белгісіз біреулер Қырғызстан аумағындағы Киров су қоймасының тоғаны Қырғызстандағы тәртіпсіздіктерге байланысты жарылыстан бұзылды деген жалған қауесет таратып жіберген. Тараз тұрғындары алаңдаушылық білдіріп, Төтенше жағдайлар департаментіне телефон соға бастаған. Бірінші кезекте Киров су қоймасына жақын орналасқан Жалпақ төбе ауылының тұрғындары дүрбелеңге түскен. Мұндай байбалам Таразда да басталған: қала тұрғындарының басым бөлігі қаладан шығып кетуге тырысқан, Жанармай тарату бекеттерінде кептелістер мен кезектер түзіліп, адамдар жанармайды толтыра құйып, жолдардың бойындағы дүкендерден азық-түліктерді жайпап, Шымкент күре жолына қарай ағыла бастаған.

Түнгі сағат 12 шамасында жергілікті телеарнадан шұғыл хабар беріліп, ақпараттың қауесет екендігі, адамдардың дүрбелеңге түспеуі қажеттігі, су қоймасының тоғаны бұзылмағаны және еш қауіп жоқ екені айтылды.

Сондай-ақ, су қоймасына келіп жатқан су көлемі секундына 30 текше метр, ал тасталатын көлем - 25 екені, су қоймасында Қазақстан мен Қырғызстан жағының әскерилендірілген күзет қызметтері тәулік бойы жұмыс істейтіндігі хабарланды.

Түнгі сағат 3 шамасында облыс және қала әкімдері халықпен жүздесуге шықты.

Облыс әкімі халықты дүрбелеңді доғаруға және үйлеріне қайтуға шақырды. Иен қалған үйлеріне кез-келген сәтте тонаушылар түсуі мүмкін екендігі ескертілді.

Қала тұрғындарының басым бөлігі түнгі сағат 3-тен кейін үйлеріне қайта бастады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны