20.02.2015, 11:32 3962

Таразда күкірт қышқылы тиелген вагонныӊ рельстен шығып кетуіне байланысты төтенше жағдай жарияланды

Таразда күкірт тиелген вагонныӊ рельстен шығып кетуіне байланысты жергілікті масштабтағы төтенше жағдай жарияланды

Тараз. 20 ақпан. Kazakhstan Today - Таразда күкірт тиелген вагонныӊ рельстен шығып кетуіне байланысты жергілікті масштабтағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жамбыл облысы ТЖ департаменті жедел қызмет кезекшісі хабарлағандай, Шайқұрық пен Бурыл станциясыныӊ арасында кеше кешкі сағат 17.15-те күкірт қышқылы тиелген үш вагон рельстен шығыпкеткен, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Күкірт қышқылы тиелген үш вагон рельстен шығып кеттi. Цистерналар шетке қисайып кеткен. Цистернаныӊ бірінен аздаған күкірт қышқылы тогiлдi. Жапа шеккендер жоқ. Апат орын алған жерде залалсыздандыру жұмысы жүргізілді", - деді аймақтық ТЖД өкілі.

Залалсыздандыру жұмысына облыстық ТЖД, "Құтқарушы" өрт сөндіру қызметініӊ мамандары, Жамбыл облысындағы темір жол бөлімі, "Қазфосфат" ЖШС, облыстық әкімдік өкілдері, ІІД мамандары, т.б. жұмылдырылды. Барлығы 200 адам мен 10-ға жуық техника болған.

Тараз қаласыныӊ әкімшілігі оқиғаға байланысты жергілікті масштабтағы төтенше жағдай жариялады, деді Жамбыл облысы ТЖ департаментінен.

Оқиғаныӊ мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны