28.12.2007, 16:59 7862

Таразда облыстық грузин мәдениетінің мерекесі өтті

Таразда облыстық грузин мәдениетінің мерекесі өтті

Тараз. 28 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Грузияның "Самшобло" ұлттық-мәдени орталығы Таразда грузия диаспорысының ұлыс күнін өткізді, деп хабарлайды агентік тілшісі.

"Жамбыл облысының үлкен, бақытты от басында грузияның халқы да тұрып жатыр. Біздің диаспора саны көп болмаса да, біз ұлттар арасындағы келісімді сақтап, бейбітшілік пен халықтар арасындағы достастықты күшейтуге бар күшімізді салып, облыстың Қазақстан кіші ассамблеясында грузин халқының атын жоғары ұстап отырмыз", - деді "Самшобло" грузияның ұлттық-мәдени орталығының президенті З.И.Джанашия өзінің мерекеге келген қонақтарға арналған сөзінде.

Мерекеде грузия тілінде жазылған әдебиет, қол өнер, керамикалық ыдыс-аяқтар, шарапқа арналған сауыт пен мүйіздер, ұлттық бас киімдер, Грузия мен Қазақстанның мемлекеттік рәміздері көрмеге қойылды.

Ұлыс күнінде Қазақстанның кіші халықтар Ассамблеясының хатшылық меңгерушісі, қоғамдық бірлестіктің белсенді қатысушыларына алғыс хат табыс етті.

Грузияның ұлыс мерекесіне Оңтүстік -Қазақстан облысынан концерттік бағдарламамен қонақтар келді. Онда ұлттық әндер айтылып, жастар ұлттық киіммен кавказдың жалынды билерін қонақтар алдында паш етті.

Мерекенің құрметті қонақтары қатарында болған Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің бас кеңесшісі Владимир Спринчан жұбайымен бірге, ұлыс күнін атап өтуге келгендерді құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Грузияның ұлыс мерекесіне басқа ұлттардың мәдени орталықтарының жетекшілері қатысып, өздерінің грузин әріптестеріне ұлтаралық қатынастарды нығайту, ұлттық дәстүрді сақта, грузия халқының мәдениетін дамыту жолында табыс тіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны