13.12.2007, 17:55 3963

Таразда өткен жер аукционында 15 жер телімі сатылды

Таразда өткен жер аукционында 15 жер телімі сатылды

Тараз. 13-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Таразда ашық жер аукционы өтіп, оған оған қойылған 15 жер телімі сатылған. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, "жер телімдері тұрғын үй, сауда және өнеркәсіп нысандарын салуға арналған. Жер телімдерінің жалпы алаңы 2,5 гектарды, бастапқы жалпы бағасы - 4 млн 990 мың теңгені құраған".

Таразда жер телімдерін сату аукционы алғаш рет 2005 жылы жүргізілген. "Өткен екі жыл ішінде қалада алты аукцион өткізілген. Сатылымдар жабық есік түрінде өткен, бұл сыбайлас жемқорлықтың болуы мүмкін деген сөздің шығуына түрткі болған болатын",- деп атап өтті қалалық әкімшіліктегілер.

"Үстіміздегі жылы жер аукционы ашық түрде өтті - оған аукционға қатысушылардан басқа журналистер, сарапшылар, сонымен қатар басқа да мүдделі тұлғалар қатысты",- деп хабардар етті мекемедегілер.

"Жер сатудан түскен қаржы қаланың әлеуметтік қажеттіліктеріне жұмсалады",- деп атап көрсетті баспасөз қызметіндегілер. Сауда ағылшын әдісі бойынша жүргізіледі, онда мөлшерлеменің көтеріліп отыруы қарастырылған. Кейбір жер телімдерінің бағасы соңғы сатылымда өзінің бастапқы бағасынан он есеге асып түскен. Мысалы, баспасөз қыметінің мәліметтеріне сүйенсек, Тараздағы дүкен салуға арналған жер телімінің бастапқы бағасы 36 мың теңгені құраса, соңында 1,5 млн теңгеге сатылған.

Икімшіліктегілердің түсіндіруінше, сауда шарты бойныша сатып алушы сатып алу - сату келісім шартына қол қойғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде жалпы бағасының 50 пайызын төлеуге тиіс, ал қалған сомасы аукцион жүргізілген күннен кейін 30 тәулік ішінде төленуге тиіс. Шарт орындалмаған жағдайда келісім жарамсыз деп саналады. "Осы тектес аукциондар жүргізген уақыттан бері қала қазынасына 280 млн теңгеден астам қаржы түскен",- деп қорытындылады әкімшіліктегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны