01.07.2008, 14:50 1618

Тараздағы қоғамдық көлікте жолақы құны көтерілді

Тараздағы қоғамдық көлікте жолақы құны көтерілді

Тараз. 1 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Тараздағы қоғамдық көлікте жолақы құны көтерілді. 1 шілдеден бастап автобустағы жолақы 35 теңге, бағытты таксиде - 40 теңге болмақ. Бұл туралы Жамбыл облыстық жолаушылар транспорты мен автожолдар басқармасының бастығы Бақытжан Орынбеков баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, бірінші топтағы көзі көрмейтіндерге, ауған соғысы ардагерлеріне, Тараз бен Жамбыл облысының құрметті азаматтарына арналған жеңілдіктер сақталады. Оқушы-студенттер үшін де жеңілдіктер қарастырылған : студенттерге - 30 теңге, оқушыларға - 15 теңге", - деді Б. Орынбеков.

Оның айтуынша, тарифтерді көтеру жөніндегі өтініштердің негізділігі жан-жақты тексерілген. Тексерулер қорытындысы қазіргі баға қаладағы барлық 63 бағыт бойынша тасымалдаушылардың шығындарын өтемейтіндігін көрсеткен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны