23.07.2008, 14:42 1701

Тараздық журналистер өз әріптестерін қорғау үшін қоғамдық ұйымдардың жетекшілеріне арнап мәлімдеме қабылдады

Тараздық журналистер өз әріптестерін қорғау үшін қоғамдық ұйымдардың жетекшілеріне арнап мәлімдеме қабылдады

Алматы. 23 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Тараздық журналистер өз әріптестері - "Литер" газетінің тілшісі Зарина Ноқырабекованы қорғау жөніндегі өз талаптарына бірігуді сұрап, Қазақстан Журналистерінің конгрессі атқару комитетінің төрайымы Дариға Назарбаеваға, Қазақстан Журналистері одағының төрағасы Сейітқазы Матаевқа және "Иділ сөз" қорының жетекшісі Тамара Калееваға арнап мәлімдеме жолдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Иділ сөз" қорының хабарламасына сілтеме жасап.

"Журналистерді қорқытып-үркітудің ала-құлалы тарихында бұрын соңды сын таққаны үшін өшесіп, зорлық жасауға талпыну деген болып көрмеген. Жамбыл облысының жұртшылығы Таразда болған осы тектес оқиғаны төтенше жағдай есебінде қабылдады. Журналистер әріптесімізді қорғауды талап етеді", - деп жазады өз мәлімдемесінде тараздық журналистер.

"Жамбыл облысы жұртшылығының өкілдері мен журналистер біздер біздің өңірде болған алабөтен оқиғаға зығырданымыз қайнап отыр. Республикалық газеттің журналисі, жас келіншек баспасөзде сын таққаны үшін медициналық мекеменің бас дәрігері тарапынан зорлыққа душар болды", - делінген құжатта.

Журналистердің хабарлауынша, 2008 жылдың 13 ақпанында "Литер" газетінде Зарина Ноқырабекованың "Не ходите к нам лечиться" атты мақаласы жарық көрген, онда медицина саласындағы, атап айтсақ, қалалық жедел жәрлем ауруханасының ахуалы жайлы айтылады. "Біраз уақыт өткеннен кейін, осы аурухананың бас дәрігері Сағи Бейсенбеков журналистен өш алу үшін арамдыққа барды. Журналисті жеке меншік мейманханаға алдып шақырып алған ол оны зорлауға әрекет жасады", -деп ашу білдіреді тараздық журналистер.

Хат авторларының жазуына қарағанда, "бұл оқиғаның дәл Баспасөз күні қарсаңында болуы тіптен қатігездіктің белгісі болмақ". "Ал дәрігер болса өзінің әрекетін тілшінің өз мақаласымен жаңа қызметке келген кездегі ләззаттан айырып, басшылықпен арада тауқымет туғызғанымен түсіндірген (Бейсенбеков мақала шығардан екі апта бұрын қызметке тағайындалған)", -делінген хабарламада.

Сонымен бірге, журналистердің хабарлауынша, "тікелей зорлық көрсетуге талпынумен қатар, ол әйелді балағаттай қорлап психологиялық қысым да көрсеткен. Жоғарғы биліктегі қуатты достарының қорғауында екенін айтып ескертуді де ұмытпаған".

"Біз, БАҚ және құқық қорғау ұйымдарының өкілдері, жәбірленушіні адал журналист, инабатты әрі абзал жан ретінде білеміз. Оны мен оның отбасын көптен бері білеміз. Сол себепті осындай жағдайда енжарлық таныта алмаймыз. Қазіргі жағдайда жәбірленуші құқық қорғау органдарына шағымданды, бірақ, іс тексерілмей отыр, журналисті облыстық прокурорға жібермеумен тынбай, оған өзіне қатысты іспен танысуға да мүмкіндік бермей отыр", -делінген хатта.

Тараздық журналистер "БАҚ туралы" ҚР заңында мемлекет БАҚ қызметкерлеріне кәсіптік іс-қызметін жүзеге асыруына, ар-ұжданы, денсаулығы, өмірі мен мүлкін қорғауға кепілдік береді делінгенін еске салады. "Қалалық аурухананың бас дәрігерінің З. Ноқырабекованың соңынан түсуі жеке бастық сипатта емес, бұл БАҚ өкіліне қысым көрсетуге, оның құқығын таптауға, кәсіби іс-қызметіне кедергі келтіруге жатады. Бас дәрігердің іс-әрекеті - барлық журналистер қауымына жонын күжірейту. Мұндай әрекет заңға да, адамгершілікке де қарама-қайшы. Оған принциптік баға берілуге тиіс", - деп санайтын журналистер өзлдеріне бірігуге, "журналисті және әйелді қорғау үшін қатарға қосылуға, сол арқылы демократияның басты қағидаларының бірі - сөз бостандығы жөніндегі бұзылып отырған принципті қалпына келтіруге атсалысуға шақырады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны