08.06.2006, 17:00 2856

Тәртіп сақшылары 2006-жылдың басынан бері экологиялық заңнаманы бұзуға қатысты 2 мыңнан астам деректің бетін ашты

АСТАНА. 8-маусым. Kazakhstan Today. Тәртіп сақшылары 2006-жылдың басынан бері экологиялық заңнаманы бұзуға қатысты 2 мыңнан астам деректің бетін ашты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ІІМ-нің табиғат қорғау полициясы бөлімшесінен хабарлады.

Ишкереленген экологиялық қылмыс деректері бойынша тергеу мекемелері 120 қылмыстық іс қозғады. Оның ішінде заңсыз аң аулауға қатысты 32, ағаштар мен бұталарды заңсыз кесуге байланысты 21, су жәндіктері мен өсімдіктерді заңсыз алып пайдалануға қатысты 57 қылмыстық іс қозғалды. 43 істі тексеру аяқталып, оның 28-і сотқа жолданды. Ағаштарды ұрлауға байланысты 7, балық және балық өнімдерін заңсыз аулау мен сатып алуға байланысты 40 қылмыстық іс қозғалды.

Табиғат қорғау полициясы бөлімшелерінің қызметкерлері 1170 әкімшілік хаттама қозғалтып, оның 303-ін сотқа жолдады. Жалпы сомасы 1 млн. теңгенің әкімшілік айыппұлы салынды.

Заң бұзушылардан заңсыз ауланған 191 тонна балық, соның ішінде бекіре тұқымдас 2,9 тонна балық, 125 килограмм уылдырық, 551 текше метр заңсыз кесілген ағаштар, 559 заң бұзу құралы, соның ішінде 96 аң аулайтын қару тәркіленді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны