24.08.2006, 15:24 3003

Тәртіп сақшылары Ақтөбедегі құрт аурулары диспансерінде емделуші үш адамнан есірткі тәркіледі

АҚТӨБЕ. 24-тамыз. Kazakhstan Today. Есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлері Ақтөбедегі облыстық құрт аурулары диспансерінде емделуші үш адамнан героин тәркіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, полицияға диспансердің дәрігерлері науқастардың үстінен шағымдана келген. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары құрт ауруының ашық түрімен ауратын үш науқастан 0,2 , 0,9 және 0,76 грамм героин тапты. Сонымен бірге олардан психотроптық заттар мен 90 мың теңге шықты.

28, 35 және 40 жастағы үш жігіт есірткі сақтағаны үшін ұсталды. Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Полицияның хабарлауынша, сондай-ақ, Хромтау ауданында 26 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ол қарасора салынған қаптарды сүйретпемен әкеле жатқан. Тәртіп сақшыларының айтуынша, есірткілі заттардың жалпы салмағы 24 килограмм болды. Алдын-ала тергеуде ол "қарасораны қаланың сыртынан шауып алдым және оны өзім тұтыну үшін дайындадым", деп мәлімдеді.

Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық істер кодексінің есірткіні заңсыз дайындау және сақтау жөніндегі 259-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны