10.08.2015, 12:38 3629

Тасбақаларды заӊсыз тасымалы анықталды

Үсітіміздегі жылдыӊ мамыр айында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметініӊ "Оӊтүстік" өӊірлік басқармасына қарасты Сарыағаш шекара отрядыныӊ "Қапланбек" (автокөлік) тексеріп өткізу бекетіндегі шекара наряды Өзбекстан Республикасынан еліміздіӊ аумағына өтпек болған Daewoo "Матиз" автокөлігінен 2000 дана тасбақаны тауып, тәркілегендігі туралы ақпарат құралдарына хабарлаған болатынбыз

Астана. 10 Тамыз. Kazakhstan Today - Үсітіміздегі жылдыӊ мамыр айында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметініӊ "Оӊтүстік" өӊірлік басқармасына қарасты Сарыағаш шекара отрядыныӊ "Қапланбек" (автокөлік) тексеріп өткізу бекетіндегі шекара наряды Өзбекстан Республикасынан еліміздіӊ аумағына өтпек болған Daewoo "Матиз" автокөлігінен 2000 дана тасбақаны тауып, тәркілегендігі туралы ақпарат құралдарына хабарлаған болатынбыз, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

2015 жылдыӊ 10 тамызында таӊғы 7 шамасында тағы да сол Сарыағаш шекара отрядыныӊ "Сарыағаш" шекаралық бақылау (теміржол) бөлімініӊ жүк тасымалдау составтарын ресімдеу ауысымы "Келес-Сарыағаш" (Өзбекстан-Қазақстан) бағытындағы №52663754 пойызыныӊ жабық вагонынан "Император" атты ізшіл иттіӊ көмегімен 5 қап, жалпы саны 989 дана тасбақалардыӊ, салмағы 130 кг болатын 7 қап түсті металдыӊ (мыс) заӊсыз тасымалын анықтап, тиісті орындарға өткізді.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны