02.06.2008, 12:32 1485

Тасымалдаушылар қауымдастығының төрағасы пойыздарда жолаушыларды билетсіз тасымалдайтын жолсеріктерге ғана айыппұл салуды ұсынып отыр

Тасымалдаушылар қауымдастығының төрағасы пойыздарда жолаушыларды билетсіз тасымалдайтын жолсеріктерге ғана айыппұл салуды ұсынып отыр

Астана. 2 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның Тасымалдаушылар және вагон операторлары қауымдастығының төрағасы, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Нығметжан Есенғарин жолаушыларды пойыздарда билетсіз тасымалдағаны үшін жолсеріктерге ғана айыппұл салуды ұсынады. Бұл туралы ол журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Бүгінгі таңда жолаушылардың билетсіз жүргені және оларды билетсіз тасымалдағаны үшін айыппұл қарастырылған. "Билетсіз жүргені үшін" деген сөзді алып тастап, тек жолаушыларды билетсіз тасымалдағаны үшін ғана айыппұл салу керек", - деді Н. Есенғарин.

"Жолсеріктің көмегінсіз билетсіз жолаушы вагонға қалай кіре алады? Сондықтан заңнан "билетсіз жолаушы" деген түсінікті түгел алып тастау қажет", - деп түсіндірді ол. "Мен билетсіз алып жүргені үшін жолсерікке ғана айыппұл салынғанына қол жеткіземін. Алайда, билетсіз жүргені үшін жолаушыға айыппұл салынбауы тиіс. Себебі, жолсеріксіз ол вагонға кіре алмайды", - деп толықтырды қауымдастық президенті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны