29.03.2013, 15:13 3286

Тасқынға байланысты Ақтөбе облысында жол учаскесі жабылды

Аталған жолдарда автокөліктердің үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында "Қазақавтожол" РМК Жол пайдалану бөлімшесінің арнайы қар тазалау техникалары кезекшілікке шықты.

Ақтөбе. 29-наурыз. Kazakhstan Today - Тасқынға байланысты Ақтөбе облысында жол учаскесі жабылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

29 наурыз, сағат 10.45-тен бастап Ақтөбе облысында тасқынды суларға байланысты (Астана уақытымен) "Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз" автожолының 199-218 шақырымы аралығындағы Мөңке би-Қайдауыл учаскесі көліктің барлық түрлері үшін жабық.

Аталған жолдарда автокөліктердің үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында "Қазақавтожол" РМК Жол пайдалану бөлімшесінің арнайы қар тазалау техникалары кезекшілікке шықты.

"Қазақавтожол" РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді: Астана қаласында 8 (7172) 444-777 телефоны арқылы мәлімет алуға болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны